Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды
Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудағы өзекті мәселелер талқыланды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты жиынға қатысты. Жамбыл облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен басқосуда жергілікті атқарушы, мемлекеттік және құқық қорғау органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы, жеке сот орындаушылар палатасы және адвокаттар алқасының басшыларымен тақырып аясында бірқатар мәселелер талқыланды. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, құқық қорғау органдары мен соттар әкімшілік істерді қарау барысында тығыз байланыста жұмыс атқарып, заң аясында шешу жолдарына ықпал ету қажеттігін, ең бастысы азаматтардың заң алдындағы тепе-тендігін сақтаудың маңыздылығын айрықша атап өтті.
Өз кезегінде облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров та тақырып аясында өзінің орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, облыстық соттың төрағасы Ербол Ахметжанов Әкімшілік Әділетті құрудағы негізгі мақсаттарға қысқаша тоқталды.
Сондай-ақ, жиында Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Динара Нұрлыбаева, Жамбыл облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының судьясы Оспан Мамытбеков, Жамбыл облысының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Аманжан Жасұзақов, Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Ерлан Байболат және тағы басқалар баяндама жасап, пікірлерін білдірді.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі