Сайыпқыран сарбаз, саңлақ спортшы
Сайыпқыран сарбаз, саңлақ спортшы
Биыл тараздық мергендер взводының командирі, 3-дәрежелі сержант Евгений Нам турникке т артылу бойынша жаңа рекорд орнатты. Балқаш қаласында өткен Қарулы Күштер арасындағы көп сайыс чемпионатында Евгений Нам соңғы уақытқа дейін тартылу саны бойынша тіркелген барлық рекордтарды жаңартты. Ол 152 рет тартылып, Қазақстанның абсолютті рекордына айналды. «Өзінің жетістігі мен атқыштар взводының командирі Евгений Нам 5-бригаданың ғана емес, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және өзінің туған қаласы Тараз қаласының даңқын асқақтатты. Спорт шебері жекелей сында бірінші орын алып, барлық салада жетістікке жетті. Жаттығулардың бес түрінен де ол 8006 ұпай жинады. Салыстыру үшін жекелей есепте одан кейін екінші орын алған спортшы 5567 ұпай жинады. Евгенийдің қо сқан үле сі мен бүкіл команданың күш-жігерінің арқасында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының командасы Қарулы Күштер арасындағы көп сайыс чемпионатында командалық бірінші орынды иеленді. Балқаш қаласында 3-дәрежелі сержант Евгений Нам турникте тартылу бойынша рекорд орнатқан Қарулы Күштер арасындағы бірегей жігерлі жауынгер», – деп атап өтті дене шынықтыру бөлімінің бастығы, майор Темір Жақиев. Әскери-спорттық көпсайыс кешенінде Калашников автоматынан ату, гранатаны қашықтық қалақтыру, турникке көтерілу, 100 метр және 3000 метрге жүгіру кірді. «Бұл жерде ешқандай құпия жоқ. Бастысы–қарапайым еңбек формуласы. Яғни, аянбай еңбек етіп, жаттығып, күш-жігеріңді арттырып, мақсатыңа ұмтылу керек. Менің мақсатым – тартылулардың максималды санына жету болды. Ой мен күш жинап, берілмеу маңызды болды» – дейді жеңімпаздың өзі. Айта кетейік, 3-дәрежелі сержант Евгений Нам жарты жыл бұрын Астанада өткен Tartyl Fest спорт фестивалінің гранд-финалында өзі орнатқан рекордты жаңартқан болатын. Евгений содан кейін өз салмағында бірінші орын алып қана қоймай, турникте ең көп тартылды. Фестивальде 52 рет, ал Қарулы Күштер чемпионатында одан үш есе көп тартылған Бауыржан Момышұлы атындағы 5-механикаландырылған бригада мотоатқыштар батальонының атқыштар взводының командирі, 3-сыныпты сержант Евгений Нам оқу-жаттығуларды жалғастырып, дене шынықтыру мен спорттық шеберлігін шыңдауды көздеп отыр. Спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне әріптестері де нық сенімді.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ