Қаламгер Арғынбай Бекбосынның қос кітабы жарық көрді
Қаламгер Арғынбай Бекбосынның қос кітабы жарық көрді
Жазушы-драматург Арғынбай Бекбосынның Алматыдағы «Алаш» баспасынан «Медаль за город Будапешт», «Аман бол, Гүлсара!..» атты қос кітабы жарық көрді. Алғашқы жинақта жазушының «Медаль за город Будапешт», «Сын солдата, или по Пушкинской, Пушкинской», «Купейная исповедь, или неспетая песня любви» секілді бірқатар повестері, сонымен қатар «Течет река Талас», «Сердце Агадила» секілді эсселері де топтастырылған. Жазушы «Медаль за город Будапешт» шығармасында соғыс жылдарындағы қиындықты шебер суреттей білген.
Ал «Аман бол, Гүлсара» деп аталатын екінші жинақ екі хикаяттан тұрады. Мұнда автор шағын ғана кітапқа Ұлы махаббат, оның тауқыметі мен ләззатын, адамдар арасындағы мөлдір сезімнің құдіретін арқау еткен. Қос жинақ та оқығанға жеңіл. Бір сөзбен айтқанда, талғампаз оқырман үшін үлкен олжа екені анық. Аталған кітаптарды облысымыздағы кітапханалардан алып оқуға болады.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».