Су үнемдеу технологиялары енгізілуде
Су үнемдеу технологиялары енгізілуде
Оның сөзіне сүйенсек, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 762,5 мың гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 6,5 мың гектарға ұлғайған. Нақтырақ айтқанда, егін жинау науқанында 379,7 мың гектар масақты дәнді дақылдардан 362,8 мың тонна өнім алынып, 446,3 мың тонна бақша дақылдары, 1181,8 мың тонна көкөніс, 257,2 мың тонна картоп жиналған. Ал, қант қызылшасынан 150,3 мың тонна өнім жиналып, 135,6 мың тоннасы қант зауытына өткізілген. Айта кету керек, осы жылы 459 гектар қант қызылшасына тамшылатып суару технологиясы енгізілсе, 1939 гектарға жаңбырлатып суару технологиясы пайдаланылған. Жалпы, биыл 57,3 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілсе, оның 38,9 мың гектарына тамшылатып, 18,3 мың гектарына жаңбырлатып суару технологиясы енгізілген. – Биыл облыста 1885 дана ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарланып, бүгінде барлығы 1283 техника алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда. Сонымен қатар, мал қыстату науқанына 2104,5 мың тонна пішен, 87,3 мың тонна пішендеме, 413,4 мың тонна сабан, 81 мың тонна сүрлем дайындалды. Жыл басынан бері облыстағы жалпы мал саны 4,5 миллион басқа жетіп, өсім 7,9 пайызды құрап отыр. Ет өндірісі 3,6 пайызға, сүт өндірісі 1,4 пайызға ұлғайды. Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру жол картасы аясында биыл 8,6 миллиард теңгеге жеті жоба іске асырылып, 159 жұмыс орындарын құру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 4,2 миллиард теңгені құрайтын үш жоба іске асырылды. Қалған төрт жоба жыл соңына дейін іске қосылатын болады, – дейді Нұржан Нұрланұлы. Басқарма басшысының орынбасары Нұржан Нұрланұлының мәліметінше, келер жылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін кеңінен қолдану мақсатында 19,2 миллиард теңгеге 14 жобаны іске асыру көзделуде. Сондай- ақ, жалпы 2023-2026 жылдары 28 жоба іске асырылып, 969 жұмыс орнын құру жоспарланған. Жиын соңында спикер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қойған сауалдарына жауап берді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ