Сұхбат

«Көптеген мәселелер шешімін тауып келеді»

«Көптеген мәселелер шешімін тауып келеді»

Еліміздің өркендеуі өңірлердің дамуына тікелей байланысты. Әр өңір мен аудандардың өз ерекшеліктері, табыстары мен жетістіктері, өзекті мәселелері де бар. Облыс аумағының 40 пайыздан астам көлемін алып жатқан Мойынқұм ауданында да жүзеге асқан нақты жұмыстар аз емес. Сонымен қатар, кезең-кезеңімен шешімін табуы тиіс жағдайлар да бар. Біз аталған ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуы бойынша Мойынқұм ауданының әкімі Әлихан Балқыбековпен сұхбаттасқан едік.Әлихан Әбілашұлы, сіз басқарып отырған ауданда бірқатар нақты жобалардың жүзеге асып жатқанынан хабарымыз бар. Мойынқұм ауданының 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының барысы туралы не айтасыз?

– Барлық жұмыс жүйелі жоспармен жүргізілетіні белгілі. Жылыту маусымы басталғанға дейін аудан әкімінің орынбасарымен 4 мәрте штаб отырысы өткізілді. Өкімге сәйкес 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымын 15 қазаннан бастадық. 2023-2024 жылдардағы жылу маусымына қажетті барлық білім, денсаулық, әлеуметтік- мәдениет нысандарына қажетті 12655 тонна көмір отыны толығымен түсірілді. Білім бөліміне қарасты мекемелер қажетті 11656 мың тонна көмірмен толық қамтылды. Жалпы, аудан бойынша 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымында жеке секторларға 19,5 мың тоннаға жуық көмір қажет. Көмірдің тоннасы 25- 26 мың теңгеден сатып алынуда. Бүгінгі күні жеке секторларға 10 мың тоннасы түсірілді. Жылыту маусымы кезеңінде тұрғындарға көмір Шу қаласынан тасымалдануда. Сонымен қатар, жылыту маусымына 10 мың текшеметрге жуық сексеуіл отыны әзірленген. 1 текшеметр сексеуіл бағасы 11,5 мың теңгеден бекітілген. Жылыту маусымын ойдағыдай өткізуге барлық мүмкіндігіміз бар. – Қазігі таңда ауылдардың экономикасын көтеруге Үкімет тарапынан да қолдау бар. Ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейі туралы не айтасыз? – Биылғы жылдың 10 айында 1880 жұмыссыз белсенді шараға тартылып, 98,6 пайызды құрап отыр. Оның ішінде 814 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Олардың көпшілігі алыс ауылда тұратындар. Ауданда жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күнге 3,9 пайызды құрайды. «1000 Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі күнге «Еңбек KZ» порталы арқылы вакансия жариялап, жұмысшыларды қабылдап жатыр. – Аудандағы өнеркәсіптік нысандардың бүгінгі жағдайына тоқталсаңыз... – Ауданымыз екі бағытта дамып келе жатыр. Үлкен қадамдар жасалуда. Бірі – ауыл шаруашылығы саласы болса, екінші үлкен бағыт – өнеркәсіп саласы. Әуелі осы өнеркәсіп саласына тоқталайын. «Алтыналмас АК» акционерлік қоғамының Ақбақай филиалы – Ақбақай елді мекенінде орналасқан. 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Жобалық құны – 8,1 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын құрамында алтын-күмісі бар кенді өндірумен айналысады. Жылдық қуаттылығы 1 миллион тонна кен өндіру. Жұмысшылар саны 1245 адам, оның ішінде мойынқұмдықтардың үлесі 41,9 пайызды құрайды. Яғни, 522 адам. 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 1 миллион тоннаға жуық кен өндірілген. Өткен жылдың тиісті кезеңінде 807,0 мың тонна кен өндіріліп, одан өндірілген алтын 1434, күміс 231 килограмды құрады. «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мыңарал елді мекенінде орналасқан. 2010 жылы іске қосылған. Жобалық құны 34,9 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорын – цемент өндірумен айналысады, жылдық қуаттылығы – 1,5 миллион тонна цемент өндіру. Жұмысшылар саны 221 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар үлесі 65 адам. Яғни, 29,4 пайызды құрайды. «Мыңарал Тас Компани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мыңарал елді мекенінде орналасқан. 2010 жылы іске қосылған. Кәсіпорын – әктас және әктас тақтатасын өндірумен айналысады, жылдық қуаттылығы – 1800 мың тонна әктас өндіру. Жұмысшылар саны – 44 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар да бар. «Оргстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мирный елді мекенінде орналасқан. 2017 жылы іске қосылған. Кәсіпорын – гранит өндірумен айналысады, жылдық қуаттылығы – 10 мың метр куб гранит өндіру. Жұмысшылар саны 59 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар үлесі 30 адамды құрап отыр. 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16673,7 метр кубқа артық өнім өндірілді. «Qazaq Mining Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мирный елді мекенінде орналасқан. 2017 жылы іске қосылған. Кәсіпорын – гранит бұйымдарын өндірумен айналысады, жылдық қуаттылығы – 100 мың метр квадрат қаптау плитасын өндіру. Жұмысшылар саны – 57 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар үлесі 40 адамды құрайды. «Шығыс кен басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шығанақ елді мекенінде орналасқан. Кәсіпорын – барит кенін өндірумен айналысады, жылдық қуаттылығы 60 мың тонна барит рудасын өндіру. Жұмысшылар саны 209 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар үлесі 134 адамды құрайды. 2023 жылдың өнімі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,2 мың тоннаға артық өндірілді. «Компания Мың-Арал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Мыңарал елді мекенінде орналасқан. 2014 жылы іске қосылған. Кәсіпорын – балықты мұздату және балықты өндеумен айналысады, жылдық қуаттылығы – 1,5 мың тонна балық өндіру. Жұмысшылар саны 50 адам, оның ішінде мойынқұмдықтар үлесі 86 пайызды құрайды. 2023 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 586,5 тонна балық өңделді. Аталған кәсіпорын өндіретін өнімге сұраныстың төмендеуі кәсіпорын өндірісіне біраз әсер етті. Енді сол қиындықтан шығу жолдары қарастырылып жатыр. Мұнан бөлек, бірқатар кәсіпорындардың да жұмысы жолға қойылған. – Дегенмен, ауданда бірқатар мәселелер де бар. Мойынқұм ауылындағы «Радай» көпірінің мәселесіне бірнеше жыл болды. Біршама шаруа-қожалықтардың қатынайтын басты жолындағы көпірдің құрылысы қашан бітеді? – Дұрыс айтып отырсыз. Ондай мәселе біздің ауданда бар. Ол мәселемен менің алдымда жұмыс істеген әкімдер де айналысқан. «Радай» өзеніндегі көпір құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын жобалаушы болып «Лидер Проект Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталып, жобалық-сметалық құны 626,4 миллион теңгені құрады. Мемлекеттік сараптамадан 2021 жылы 27 қыркүйекте оң қорытындысы шығып, жобаны қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінім ұсынылған. Яғни, Жамбыл облысының даму жоспарына сәйкес жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарланған. Жобаның құрылыс монтаждау жұмыстары республикалық және облыстық қаржы көздерінен қаржыландырылады. Бұйыртса, бұл мәселенің де шешімін Мойынқұм ауданы Жамбыл облысында табиғи газбен қамтылмаған жалғыз аудан. Осы мәселе бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде? – Шу ауданы, Қонаев ауылының газ құбырына қосылу нүктесінен біздің ауданның Қылышбай ауылына дейінгі құбырлары жобасы 3 кезеңге бөлінді. Атап айтқанда, бірінші кезең 67,5 шақырым болатын Айдарлы, Бірлік, Биназар, екінші кезең 44 шақырым Назарбеков, Көкжелек, Күшаман, үшінші кезең 35,5 шақырым болатын Жамбыл, Мойынқұм, Қылышбай ауылдары. Жалпы, газ құбырының ұзындығы 147 шақырым. Осыған байланысты 1-кезеңінің жобасы Шу ауданындағы Қонаев ауылынан Мойынқұм ауданындағы Биназар ауылы 67,5 шақырым мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобалық-сметалық құны 18 миллиард 500 мың теңгені құрады. Аталған жобаны қаржыландыру үшін 2023 жылдың 12 мамырында «Инвестициялық ұсыныс бойынша экономикалық қорытынды» алынып, еліміздің Энергетика министрлігіне өтінім берілді. Яғни, республикалық бюджетке аталған жобаны 2024 жылға қаржыландыру бойынша тиісті құжаттар ұсынылды. Аталған жобаны қаржыландыру бойынша қолдау табылған жағдайда ауданымызға газ тарту бойынша құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Яғни, көгілдір отын келе бастайды деген сөз. Ал, екінші кезең жобаcы Биназар ауылынан Күшаман ауылына дейін 44 шақырым газ құбыры шілде айында, үшінші кезең Күшаман ауылынан Қылышбай ауылына дейін 35,5 шақырым газ құбыры тамыз айында мемлекеттік сараптамаға ұсынылды. Яғни, екінші кезең қазан айында және үшінші кезеңнің газ құбыры жобасы болжам бойынша мемлекеттік сараптамадан биылғы жылдың желтоқсан айында қорытынды алынады. Мойынқұм ауданындағы 4 елді мекенді (Хантау, Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек) жеткізуші газ құбырларының болжамды ұзындығы 103,6 шақырым. Яғни, аталған елді мекендерді газдандыру бойынша жоғарыда аталған әдісті пайдалана отырып, газ құбыры 2-кезеңге бөлінсе, 1-кезең Құмөзек, Қарабөгет, Сарыөзек және 2-кезең Хантау ауылына дейінгі газ құбырын қамтиды. Яғни, 1 және 2 кезеңдегі газ құбыры жобалардың яғни тиісті мекемелерден келісім алу, мемлекеттік сараптамаға ұсыну алдында құжаттарды түгендеу жұмыстары табатын күні алыс емес. – Мойынқұм ауданында ауыз су мәселесі көкейкесті сұрақтардың бірі. Осы сұрақ бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? – Мойынқұм ауданы бойынша 24 елді мекен бар. Қазіргі таңда 19 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. Оның ішінде Ұланбел, Назарбеков, Қарабөгет, Сарыөзек, Айдарлы, Көкжелек, Мыңарал сияқты жеті елді мекенде 24 сағат, Мойынқұм, Қылышбай, Құмөзек, Жамбыл, Күшаман, Бірлік, Биназар, Хантау, Қияқты, Мирный, Бурылбайтал және Мыңарал станциялары сияқты 12 елді мекенде 4-12 сағат аралығында ауыз су беріледі. 2023-2025 жылдардағы «Amanat» партиясының сайлауалды платформасында және салалық басқармамен бекітілген «Дамудың жол картасы» жоспарына сәйкес ауыз су жүйесімен орталықтандырылмаған 5 елді мекендегі 3123 халықты орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында мақсатты жұмыстар атқарылуда. – Мыңарал ауылындағы К.Қасымов атындағы, Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептері апатты жағдайда екен. Аталған мәселені оң шешу жоспарда бар ма? – Мыңарал ауылындағы К.Қасымов атындағы орта мектебінде төтенше жағдай жарияланған. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу жобалау институты» Оңтүстік Қазақстан филиалы нысанының техникалық жағдайын берген қорытындыға сәйкес спорт зал мен акті залы апатты деп танылған. Аталған мектеп үшін жаңа құрылыс жұмысы басталуына облыстан 250 миллион теңге қаржы бөлінген. Даму жоспары бойынша 2024 жылы құрылыс басталады деп күтілуде. Тапсырыс беруші облыс әкімдігі құрылыс басқармасы. Нысан бойынша спорт зал мен акті залға кіретін жерлері қаланып жабылған, мектеп ішіндегі жарылған жерлерге маяктар қойылған. Осы орайда, аталған мектепке жаңадан 100 орындық мектеп құрылысы жобалануда. Жаңа оқу жылына іс-шаралар жоспары жасалып, оқушыларға оқитын ғимараттар қарастырылды. Қарабөгет ауылы А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің жаңа құрылысын бастауға облыстан 250 миллион қаржы бөлінген. Даму жоспары бойынша 2024 жылы құрылыс басталады деп күтілуде. Тапсырыс беруші – облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы. Қарабөгет ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп ғимараты апатты деп танылған. Жаңа оқу жылында 2-сынып балабақша ғимаратында, 3-сынып ауыл клубында, 2-сынып әкімшіліктің архив ғимаратында оқытылуда. Аталған ғимараттарды талапқа сай келтіру мектеп әкімшілігіне тапсырылған. 2023- 2024 оқу жылында мектепте даярлық тобында 6 оқушы, 1-11 сынып аралығында 95 оқушы, барлығы 101 оқушы білім алады. Аталған мектеп апатты деп танылғандықтан, оқушылар білім алуға болмайды. – Мемлекет басшысы Жолдауында: «Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 8 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды», деді. Оның ішінде Мойынқұм ауданында қанша гектар жер қайтарылды? – Бүгінгі күнге дейін жалпы 22183,08 гектар, оның ішінде 163,92 гектар суармалы егістік, 21465,16 гектар жайылымдық, 554,0 гектар шабындық жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына 15000,0 гектар жер телімі қайтарылу жоспары толығымен орындалды. Ағымдағы жылдың қараша айына 13000 гектар жер телімі қайтаруға жоспарлануда. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып келеді. – Аудан бойынша мүгедектігі бар азаматтардың жұмыспен қамтылуы туралы не айта аласыз? – Аудан бойынша 2023 жылға 15 мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту белгіленген. Ағымдағы жылдың 1 қазанына 49 мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде 20 адам тұрақты жұмыстармен қамтылып, 29 азамат уақытша жұмыстарға орналасты. – Жалпы, ауданда спорт саласына қаншалықты назар аударылуда? – Ауданда жастардың спортқа деген көзқарасы жылдан жылға жақсарып келеді. Осыны негізге ала отырып, 2023 жылы жалпы 5 спорт нысанын қолданысқа беру жоспарланған болатын. Атап айтсақ, Айдарлы ауылындағы дене шынықтыру- сауықтыру спорт кешені, кіші футбол алаңшалары Ақбақай, Сарыөзек және Назарбеков ауылдарына кіші футбол алаңшасын орнату, Мирный ауылына стрит воркаут және балалар ойын алаңын соғу жаспарланған. Сондай-ақ, биылғы жылы демеушілікпен Мыңарал ауылында футбол алаңы және стрит воркаутымен қоса салынса, Ұланбел ауылында балалар ойын алаңы, баскетбол және волейбол алаңы салынып, қолданысқа берілді. Аудандық бюджеттен Ақбақай ауылына кіші футбол алаңшасы салынып, Республика күніне орай қолданысқа берілді. Сарыөзек және Назарбеков ауылындағы салынып жатқан футбол алаңшасын Тәуелсіздік күніне орай қолданысқа беру жоспарлануда. Сонымен қатар, Айдарлы ауылындағы спорт кешені жыл соңына дейін қолданысқа береміз деп отырмыз. – Әңгімеңізге рақмет.  

Сұхбаттасқан Есет ДОСАЛЫ.