Әлеумет

Ауыз су мәселесі шешімін табады

Ауыз су мәселесі шешімін табады

Тараз қаласының іргесіндегі Құмшағал, Казарма, Шөлдала шағынаудандары мен 28 саяжай алқаптарына ауыз су тарту бойынша жұмыстар атқарылуда. Ол жұмыстарды алдағы жылы аяқтау жоспарланған. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аталған елді мекендердің тұрғындарын тіршілік нәрімен қамту мәселесін биылдан қалдырмай шешу үшін қала басшылығына нақты міндеттер жүктеген болатын.

Аймақ басшысы осы шағынауданда халықпен кездесу барысында ондағы таза ауыз су тарту жұмыстарымен танысқан еді. Бүгінгі таңда «Мелиоратор» ЖШС атқарып жатқан Шөлдалаға ауыз су тарту жұмыстары 87 пайызға орындалса, 28 саяжай алқаптары бойынша құрылыс 70 пайызға аяқталған. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала басшылығы аталған жұмыстарды осы жылдың соңына дейін аяқтауға барынша ден қойып отыр. Ол үшін жауапты тұлғалар жұмыстың сапасы мен мерзімін бақылауда ұстап, мердігерлердің өз міндеттерін тиянақты орындауын тұрақты қадағалауда. Айта кетейік, бүгінде облыс орталығының 92,4 пайызы сумен қамтылған. Жер астынан су көтеру үшін 90 дана ұңғыма жұмыс істеуде.  

«Aq jol»-Aqparat.