Әлеумет

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да цифрлық криминалистиканың қолданылуы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да цифрлық криминалистиканың қолданылуы

Қазіргі кезде еліміздің құқықтық жүйесінде сандық криминалистика кең қанат жайған. Ақпараттық технологиялар мен программалардың дамуы бұған мол мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында компьютерлермен, электронды құрылғылармен және интернетпен байланысты қылмыстарды тергеу үшін сандық форматтағы дәлелдемелерді зерттеу және жинау жұмыстары біршама жеңілдей түсті. Бұл жүйе, әсіресе, бүгінгідей киберқылмыс өршіп тұрған кезде интернет алаяқтықтың алдын алу және онымен күресу мақсатында цифрлық деректерді талдау үшін техникалық және сот-құқықтық әдістерді қолдануға жол ашуда.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттеріне цифрлық криминалистика бойынша тәжірибе жинауға мүмкіндіктер қарастырылған. Сандық криминалистер компьютерлер, мобильді құрылғылар, желілік журналдар және электрондық пошта сияқты әртүрлі көздерден деректерді анықтайды. Олар қылмыскерлердің өзара байланыстарын анықтау, қашықтағы ақпаратты қалпына келтіру және дәлелдер тізбегін құру мақсатында цифрлық деректерді өңдеу және талдау үшін арнайы құралдар мен әдістерді пайдаланады.

Киберқылмыстардың әр түрлерін тереңірек тергеу бұл салада кибер алаяқтық, хакерлік, кибер тыңшылық, зиянды бағдарламалардың таралуын шектейді. Сол үшін криминалистер сандық ортадағы қылмыстық әрекеттердің іздерін зерттейді.

Жалпы кибер қылмыстардың алдын алу компьютерлік жүйелер мен желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басталады. Сондықтан бұлсаланың мамандары ақпараттық жүйелерге шабуылдың алдын алу, анықтау және деректерді қорғау стратегияларын әзірлеумен айналысады.

Сот сарапшылары жинаған цифрлық деректер мен ақпарат сот процестерінде дәлел ретінде пайдаланылады. Алайда ол жиналған дәлелдемелердің заңды жарамдылығы мен дұрыстығына кепілдік беру үшін қатаң процедуралар мен ережелер сақталуы керек.

Сандық криминалистика мен киберқауіпсіздік бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені цифрлық криминалдардың мақсаты компьютерлік жүйелер мен желілердегі осал программаларды пайдаланады. Криминалистер шабуылдардың алдын алу және цифрлық ресурстарды қорғау үшін қауіпсіздік шараларын әзірлеуі қажет.

Бүгінде әр салада қолданысқа енгізіліп жатқан жасанды интеллект үлкен деректерді талдауға көп көмектеседі. Сондай-ақ криптография сияқты технологиялардың дамуы цифрлық криминалистикаға да әсер етеді. Сол себепті сот сарапшылары өз жұмысында жаңа құралдар мен әдістерді тиімді пайдалану үшін білімдері мен дағдыларын үнемі жаңартып отыруы керек.

Гүлзағира Атаханова,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы,

Бейбарссұлтан Баймұрат, заң факультетінің 4 курс студенті.