Экономикалық дағдарыстың алдын алу жолдары
Экономикалық дағдарыстың алдын алу жолдары
Балаға да бюджетті жоспарлауды үйретіңіз
Бұған қоса қаржылық сауаттылықты арттыру үшін тиісті білім беру бағдарламалары Швеция, Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары және тағы сол сияқты әлемнің көптеген мемлекеттерінде мектептен бастап қолданысқа енгізілді. Осылайша, дамыған мемлекеттер ерте жастан бастап балаларға қаржыны пайдаланудың негіздерін үйрететіндігін көрсетуде. Ал, енді қаржылық сауаттылықтың не екендігін және оны күнделікті өмірде қалай пайдалануға болатындығын толығырақ талқылайық. «Қаржылық сауаттылық» түсінігі қаржы саласындағы ықтимал құрал-саймандарды тәжірибеде қалай сәтті пайдалануға болатындығын түсіндіруге мүмкіндік беретін білім мен машықтың жиынтығын білдіреді. Соның нәтижесінде адам табысты жинауды, бюджетті сауатты жоспарлауды және шығындарды рационалды жаратуды үйренеді. Экономикада тұрақсыздық болған кезде бұл болашаққа деген сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді. Ақша тауып, оны кез келген қажетті тауар алуға немесе қызметке қалай жұмсауды жақсы білеміз. Неліктен қаржылық сауаттылықты қаражаттың кәсіби саласына қатысы бар екендігін түсінген өте маңызды. Егер біз жан-жағымыздағы құбылыстарды бағдарласақ, жалақыдан жалақыға дейін қиыншылық көретіндердің, қалағанын алмай, капиталды арттыруды қалайтын адамдардың саны көп екендігін байқаймыз. Тағы бір кеңінен таралған мәселе – қарызға алынған қаражатты сауатсыз пайдалану себебінен борышқорлық шұңқырға түсу. Бұған қарамастан шағын айлық жалақы алса да, қаржыны тиімді басқара алатын адамдар да бар екенін жоққа шығармаймыз.
Қаржылық сауаттылық неден басталады?
Әрбір адам қолжетімді қарапайым негіздері отбасылық бюджетті бақылау, кеңінен таралған қаржылық өнімдер мен қызметтерді сауатты пайдалану машықтарынан басталады. Оған банктік карточкаларды пайдалану, салымдар бойынша табысты есептеу, несиелер (қарыздар) бойынша борышкерлік жүктелімді есептеу, ақшалай аударымдарды жіберу, коммуналдық қызметтерді төлеу кіреді. Біз осындай әрекеттерге күн сайын жолығамыз. Көптеген адамдар үшін қаржылық сауаттылық сұрағы өзекті болмауы мүмкін, себебі олар бұл саланы жетік меңгерген. Ал, кейбір адамдар бұл тақырыпқа мүлде бас қатырғысы да келмейді. Өзіне және жақындарына өмірдің жоғары деңгейін қалыптастыруды, ақшаны қалай жаратуды, қосымша табыс табудың көздерін іздеуді, оны көбейтуді қалаған адам өзінің қаржылық білімін дамытуға тырысады.
Ақшаны жүйелі жұмсау дегеніміз не?
Уақыт қашан да өз әмірін жүргізеді. Заман ағымына қарай қаржы әлемі де күннен күнге өзгеріп отырады. Осы әлемде дұрыс бағдарлану, өз қаражатыңызды тиімді басқару үшін қаржылық сауаттылық деңгейіңізді үнемі көтеріп отыру, сондай-ақ, ақпараттық технологиялар мен құқықтық саладағы білімді толықтырып отыру – уақыт талабы. Ал, бұл сұрақтар төңірегінде Fingramota.kz сайтынан толық хабардар болуға болады. Ең алдымен «қаржылық сауаттылық» деген ұғымға не кіретінін анықтап алайық. Бұл бағалы қағаздар нарығының, валюта нарығының немесе экономикадағы күрделі процестердің барлық қыр-сырлары мен ерекшеліктерінен үстірт хабардар болуды білдірмейді. Қаржылық сауаттылық – бұл бірінші кезекте өз ақшаңызды сауатты басқаруды білдіреді. Сонымен қатар, азаматтардың әл-ауқатын және өмір сүру сапасын арттыруға әкеледі, тұтынушылар үшін ақпаратқа қол жеткізу аясын кеңейтеді, сондай-ақ, халықты қаржылық көрсетілетін қызметтермен қамтуды және қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қарқынды дамуы, бөлшек өнімдерді онлайн-форматқа және жаңа цифрлық технологияларға түрлендіру, неғұрлым күрделі және сонымен бір мезгілде тәуекелді қаржы құралдарына сұраныстың артуының заманауи жағдайында халықтың қаржылық сауаттылығы мәселелері де үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Халықтың қаржылық білімін арттыру – қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің негізгі элементі. Қаржылық сауаттылық деп мынадай құрамдас бөліктердің жиынтығы түсіндіріледі: қаржылық көрсетілетін қызметтер мен құралдарды пайдалана білу, меншікті қаражатты басқару дағдылары, халықтың қаржы жүйесі, оның жұмыс істеу қағидаттары, сондай-ақ, қаржылық көрсетілетін қызметтер саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы хабардар болу деңгейі. Осылайша, халықтың қаржылық сауаттылығының жоғары деңгейі азаматтардың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына, жеке инвесторлардан қаражаттың ел экономикасына келуіне, қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің дамуына, қаржылық тұрақтылықтың нығаюына және халықтың әл-ауқатының артуына ықпал етеді. Жоғарыда айтқанымыздай, 2020 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020-2024 жылдарға арналған қаржылық сауаттылықты арттыру тұжырымдамасын жасады. Осы құжат халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді, мақсаттарға тиімді қол жеткізу және міндеттерді шешу тәсілдерін, нысаналы аудиторияларды, тақырыптық бағытты және 2020-2024 жылдардағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының қаржылық сауаттылығын жоспарлы түрде арттыру үшін пайдаланылатын құралдарды айқындайды. Тұжырымдама қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қаржылық білімін жақсартуға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қаржы өнімдеріне қолжетімділікті жеңілдетуге, қаржы жүйесіне деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді. Қаржылық сауаттылықты шартты түрде үш тармаққа бөлуге болады. Біріншісі – бұл қаржы ұйымдарының мобильді қосымшаларын, интернет-банкингті пайдалану үшін, кибералаяқтарға қарсы іс-қимыл және тағы басқа қажетті техникалық білім. Екіншісі – құқықтық сауаттылық. Қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретінде өз құқықтарын білу, қаржы ұйымдарымен жасалған шартты оқи білу және түсіне білу, заңнаманы білу сізді болашақта көптеген күтпеген жағдайлардан сақтандыруы мүмкін. Сондай-ақ, ең негізгісі – бұл қаржылық жоспарлау. Үшінші тармақ – меншікті қаражатыңызды жүргізе білу, жеке немесе отбасы бюджетін басқару бойынша дұрыс және сараланған шешім қабылдау. Ал, енді осы санаттардың әрқайсысымен толығырақ танысайық.
Кибералаяқтардан сақ болыңыз!
Қарапайым гигиена қағидаларының болғаны сияқты, цифрлық ақша саласында да онлайн режимінде сатып алулар мен банктік аударымдарды жүзеге асыруға ниеттенген әрбір адам білуі тиіс киберқауіпсіздіктің өзіндік базалық ұғымдары бар. Жыл өткен сайын гаджеттердің көмегімен түрлі қаржы операцияларын жасайтын пайдаланушылар саны өсіп келеді. Біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігі болып енген заманауи технологиялар қолайлылығымен қоса, сенгіш пайдаланушылардан ақша алудың түрлі тәсілдерін үнемі жаңартып отыратын виртуалдық қылмыскерлер де істеріне кірісе бастады. Қаржы алаяқтарына алданып қалмау үшін қарапайым кибергигиена ережелерін есте сақтау қажет, есте сақтаңыз. Біріншіден, фишингтің құрбаны болмас үшін күмәнді сілтемелерге көшпеңіз. Екіншіден, домен атауы мен хаттаманың дұрыстығын тексеріп отырған жөн. Одан бөлек, телефоныңызға жіберілген хабарлама кодтарды, төлем карталарыңыздың деректемелерін және картаның артындағы кодты ешкімге тіс жармаңыз және ешқайда жарияламаңыз. Сонымен қатар, желідегі күмәнді ұсыныстарды елемеңіз. Мәселен, жолыңыз болды, сізге біреу мұрасын қалдырды, ұтыс ойынынан, лотереядан, акциялардан және тағы басқа осы секілділерден ұтыс алдыңыз деген сияқтыларға сенбеңіз. Өздеріңіз білетіндей, тегін жатқан ешнәрсе жоқ. Аккаунттарыңызды күрделі құпия сөздермен қорғаңыз. Ол дегеніміз әр қосымшаға, поштаға немесе сайтқа бірегей құпия сөзді, банктердің мобильді қосымшаларын енгізу кодтарын қойыңыз. Интернет-әмияныңызға оң әсер етуі мүмкін бонустар, кешбэктер, қаржы ұйымдарының акциялары жүйесінен қалай пайда табуға болатындығын біліңіз.
Құқыңызды біле жүргеніңіз абзал
Кез келген құжатқа қол қоя отырып, сіз онда жазылғанның бәріне толық келісесіз. Шартқа қол қоя отырып, сіз барлық міндеттемелерді өз мойныңызға аласыз. Ақша істеріндегі ұқыпсыздықтың алдын ала болжанбайтын және әрқашан сәтті бола бермейтін салдарлары болуы мүмкін. Мұндай мәселелерге ешқашан асықпау керек. Кез келген шартты мұқият оқып шығу, барлық талаптармен танысу, қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде шартта сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңіз қаншалықты қорғалғанын, онда қандай міндеттемелер жазылғанын, қандай тәуекелдер бар екенін талдау қажет. Егер сіз шартқа қол қоюға күмәндансаңыз, онда істі кәсіби маманға сеніп тапсырыңыз. Мысалы, құжатты сауатты заңгерге көрсетіңіз. Сіздің қаржылық қызметтеріңіз, тұтынушы құқықтарыңыз заңмен реттелетінін біліңіз. Егер қаржы ұйымы уәкілетті органның бақылауында болса, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы болса, онда сіз қаржы реттеушісіне жүгіне аласыз. Әрбір өтініш бойынша құжаттық тексеру жүргізіледі. Соңғы заң жобалары туралы хабардар болу үшін қаржылық жаңалықтар мен материалдарды жиі оқып тұрыңыз. Сонымен қатар, сіз үнемі жаңартылып отыратын жаңалықтар таспасы бар «Fingramota Online» қосымшасын ұялы телефонға жүктеп алсаңыз болады. «Fingramota Online» пайдаланушыларына алғашқылардың бірі болып қаржы реттеушісінің қызметі туралы, қаржы нарығындағы жағдай, заңнамалық бастамалар және Қазақстанның қаржы заңнамасындағы өзгерістер туралы жедел ақпарат қолжетімді.
Қаржыны дұрыс жоспарлаған тиімді
Бұл адамға жолдан тайып кетпеуге және өз мақсатына жетуге жәрдем беретін өте қуатты құрал. Егер сіз қаржылық жағдайыңызды жақсартқыңыз келсе, армандарыңызды, мысалы, жаңа үй, автомобиль сатып алуға немесе балалардың оқуына ақша жинақтауды жүзеге асыруды қаласаңыз – болашаққа жоспарлар жасаудан бастау қажет. Қаржыны жоспарлаумен айналыса отырып, өз қаржылық жағдайыңның толық көрінісін көруге және шығыстардың немесе кірістердің қандай баптарын бақылау қажет екенін нақты бағалауға болады. Қаржылық мақсаттарға жету үшін парасаттылық білдіру, ойланбай сатып алуға немесе несие алуға жол бермеу қажет. Әсіресе, шектеу шаралары қолданылатын кезеңде кредиттерден және басқа борыштардан бас тартқан дұрыс болады. Тұрақты негізде ақша жинақтауды ұмытпаңыз, әрбір адамда жұмсалмайтын қор болуға тиіс.
Fingramota.kz-тен бірнеше ұсыным
Біріншіден, аса қажет болмаса, тұтынушылық кредиттер алмаңыз. Іс жүзінде қажет болатын заттарда ерекшелік болады. Мысалы, балаларды қашықтан оқыту үшін компьютер, көлікке арналған қысқы шиналар және тағы сол сияқты. Қалған жағдайларда жеке бюджетке түсетін қосымша ауыртпалықтан бас тартқан жақсы. Екіншіден, қаржылық қызметтерді таңдау кезінде нарықты мұқият зерделеңіз және мониторинг жасаңыз, сіз үшін неғұрлым тиімді жағдайларды іздеңіз. Үшіншіден, резерв жасаңыз. Бюджетті жүргізу, кірістер мен шығыстарды есепке алу, ақша жинақтау сізге неғұрлым жинақы болуға, банктерден немесе басқа қарыз берушілерден артық көмек сұрамауға көмектеседі. Төртіншіден, өз қаржыңызды күмәнді ұйымдарға сеніп тапсырмаңыз. Сіз қаржы алаяқтарының қақпанына және қаржы пирамидаларына түсіп қалуыңыз мүмкін. Бесіншіден, инвестициялауды үйреніңіз. Ақшаны сақтау жартылай біткен іс, оны көбейте білу қажет. Іс жүзінде қаржы жағынан тәуелсіз адам болу үшін инвестициялау өнерін үйрену қажет. Бұл мәселеде әртараптандыру да маңызды – қысқаша айтқанда, «жұмыртқаларды бір себетте» сақтамаңыз.
Интернет материалдары негізінде дайындаған
Мақпал СҮЙІНБАЙ.