Көліктерде екі мыңға жуық өрт тіркелді
Көліктерде екі мыңға жуық өрт тіркелді
Аталған өрттердің негізгі үлесі жеңіл көліктерге тиесілі, бұл 1392 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 77 пайызын құрайды. Көлік құралдарындағы өрттер еліміздегі өрттердің жалпы санының 15-20 пайызын құрайды және соңғы жылдары тұрғын үй секторы объектілерінен кейін жиілігі бойынша тұрақты екінші орынды алады. Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері мыналар: – автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу; – қолдан жасалған газ жабдығын орнату; – отын және электр жүйесінің істен шығуы; – қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту; – қасақана өртеу. Көлік құралдарында өрттердің туындауының алдын алу олардың туындау себептерін болдырмауға бағытталуы тиіс. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті автокөлік иелеріне өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды және қолында жарамды өрт сөндіргіш құралды ұстауды ұсынады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП