Философ ақын
Философ ақын
Ерлан Жүніс мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері
«Артыңнан бармауға сертім бар,
Онсызда адасқан сәтім көп. Дәл қазір кетуге еркің бар, Ал қайтып келуге хақың жоқ» деп жырлаған Ерлан Жүніс жақында Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды. Ерлан жаңа ғасыр басында әдеби ортаны мойындатып үлгерген ақын. Достарының арасында «Ерлания», «Ерлаш» атанып кеткен жас дарынды үлкендер жағы «философ» ақын деп те атайтын. Оның себебі де жоқ емес. Өлеңдерінде тереңдік бар. Ең бастысы жүректің үні байқалады. Жалпы, шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Әдебиет» аталымы бойынша Президент сыйлығы он жеті жылдың бедерінде поэзияға бір ғана мәрте беріліпті. Оның да иегері Ерлан ақын. «Киелі түндердің дұғасы, Айналар қанатты сәлемге. Менде еді әлемнің күнәсі, Ал менің бар кінәм әлемде». Бұл да Ерланның өлеңі. Әдебиет әлеміне өзіндік үнімен келген талантты ақын Ерлан Жүністің шығармашылығына аға буын лайықты бағасын беріп те қойған. Талантымен талайларды мойындатқан Ерлан ақынға Қой жылы да табысты болсын!
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».