Елдіктің ерек нышаны
Елдіктің ерек нышаны
Осы орайда, аймақта облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия 2004 жылдан бастап тұрақты түрде жұмыс істейді. Биыл наурыз айында комиссия қайта құрылып, құрамы жасақталған болатын. Жұмыс тобы облыстық полиция, техникалық реттеу және метрология департаменттері, облыс әкімдігінің тиісті басқармаларының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен, жалпы 16 адамнан құралған. Осындай комиссиялар Тараз қаласы мен аудандарда да құрылып, жұмыс атқарады. Облыс әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссия биыл 16-25 мамыр аралығында Жуалы, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Мойынқұм аудандарындағы жергілікті атқарушы органдар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласына қарасты мекемелердегі республикамыздағы мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдануына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Аталған аудандарда 213 мекемеге жүргізілген мониторинг барысында анықталған кемшіліктер бір жұмыс күнінің ішінде қалпына келтірілген. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы жұмысы комиссияның тұрақты бақылауында. Сондай-ақ, 31 мамырда комиссияның отырысы өткізіліп, онда Жуалы, Қордай, Сарысу, Талас, Шу, Мойынқұм аудандарындағы Мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен қолданылуына жүргізілген зерделеу қорытындысы қаралды. Аталған мәселе бойынша облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова баяндама жасап, зерделеу барысының нәтижесімен бөлісті. Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер төңірегінде облыс бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Дәулет Қалдығожин Мемлекеттік рәміздерге қойылатын стандарт талаптарға тоқталса, облыс әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев Рәміздердің білім мекемелерінде қолданылуы бойынша атап өтті. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы Мемлекеттік рәміздердің дұрыс орналасуы комиссияның тұрақты бақылауында. Комиссияның биылғы жұмыс жоспары облыс әкімімен бекітіліп, ұйым отырысы жылына тұрақты түрде екі рет өткізіледі. Комиссия мүшелерімен облыс аумағындағы мекемелерге жылына екі реттен кем емес зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Биылғы жылдың есептік кезеңінде облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы тарапынан 6 семинар өткізілсе, Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай, Шу аудандарында 150 мекемеге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 17 сәуірде Тараз қаласы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт, Ішкі істер, Сауда және интеграция министрліктерінің өкілдерінің қатысуымен рәміздерді насихаттау және нормативтік-құқықтық деңгейде қолданылуы бойынша республикалық семинар өтті. Жалпы, облыс бойынша барлық мекемелер мен ұйымдарда Мемлекеттік рәміздерді жою бойынша жауапты тұлғалар бекітіліп, құрылған комиссия тұрақты жұмыс жасайды. Ал, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай өңірде 500-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткен. Атап айтқанда, 2 маусымда рәміздер күні және Қазақстанның Мемлекеттік Туының авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына арналған «Туым – намыс, Елтаңбам – бірлік, Рәміздерім – мақтанышым!» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының филиал директоры Рауан Садырқұлов жүргізіп отырған шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қызметкерлері мен студенттері, мекеме қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан. Іс- шара барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова, облыс бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы Дәулет Қалдығожин Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдану бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы Режеп Баярисов және Рахат Тобаджанов, заң ғылымдарының магистрі Асқар Қадырқұлов Рәміздердің шығу тарихына, Ту авторының еңбектеріне тоқталды. Конференция соңында бірқатар қызметкерлер мерекеге орай Алғыс хаттармен марапатталды. Одан кейін, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» тақырыбында ашық лекция өтті. Іс-шараға оқу орнының студенттері, «Amanat» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының облыс бойынша төрағасы Уәлихан Болатбек, Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов, қалалық мәслихаттың депутаты Азамат Лесбек, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының төрағасы Төлеби Сағадинов, «Тараз студенттер Альянсының» көшбасшысы Дарқан Байпақ және институттың профессор-оқытушылық құрамы қатысты. Лекция барысында рәміздерге құрмет көрсету, жастар арасында насихаттау жұмыстары туралы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, аталған институтта Мемлекеттік рәміздер күніне орай бокстан өткен Әлем чемпионатының жеңімпаздары, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының түлектері Асланбек Шымбергенов және Дулат Бекбауовпен кездесу ұйымдастырылды. Студенттер мен профессор-оқытушылар қатысқан жиында аталған институттың президенті Нұржан Муслимов және ректоры Марат Баяндин құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздарға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, Шәкен Ниязбековтің 85 жылдығына орай Жамбыл ауданында патриоттық акция өтті. Іс-шара аудан орталығынан бастау алып, Аса ауылынан тұлғаның атындағы ауылға дейін автошеру ұйымдастырылған. «Ту тұғыры» аллеясында ауыл тұрғындарының қатысуымен мерекелік іс-шара, концерттік бағдарлама өтті. Одан кейін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болды. Жиынға облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Әділбек Баққараев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Тарих және география» кафедрасының аға оқытушылары қатысты. Баяндамашылар Мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызына тоқталып, студенттер мен оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Облыс бойынша «Менің Туым – менің мақтанышым!» челленджі ұйымдастырылып, мекемелер, кәсіпорындар, тұрғындар, этномәдени бірлестіктер мен жастар өкілдерінің қатысуымен барлығы бес жүзден астам пост жарияланған. Қоғамдық орындарда, саябақтарда жастар арасында Мемлекеттік рәміздер бойынша сауалнамалар ұйымдастырылды. Осындай іс-шара барысында сұрақ-жауаптар қойылып, сауалдарға дұрыс жауап бергендерге естелік сыйлықтар тапсырылған. Ал, білім мекемелерінде, мектептер жанындағы лагерьлерде «Біз – тәуелсіз елдің болашағымыз!» тақырыбында сурет салу байқаулары, «Мемлекеттік рәмізде –ел мақтанышы», «Мемлекеттік рәміздердің тәрбиелік мәні» атты эссе байқаулары, «Көк Тудың желбірегені» тақырыбында флешмобтар, «Тәуелсіз елім – Қазақстаным!» атты танымдық сағаттар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, мәдениет мекемелерінде «Егемен елдің рәміздері» атты челлендж, «Рәміздерім – мақтанышым!» тақырыбында облыстық тарихи-өлкетану музейінің Рәміздер экспозициясына экскурсия, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздіктің символы» атты дөңгелек үстел отырысы, «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны» тақырыбында фотокөрме, «Біздің ел! Біздің Гимн! Біздің Ту!» атты өнерпаздардың Мемлекеттік Гимнді орындау шарасы, «Рәміздер – тәуелсіздік тұмары», «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік рәміздері» атты викториналық сауалнамалар, «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты конференциялар, «Мемлекеттік рәміздер» атты интеллектуалды сайыстар, «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел отырыстары, «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы» атты жастар акциялары, «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» атты патриоттық акциялар, «Көк байрағым – елдігім, еркіндігім!» атты әдеби-сазды кештер өткізілді. Биыл 4 маусымда Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттар форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар қатысты. Форум Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасы хорының сүйемелдеуімен Мемлекеттік Гимннің орындалуымен басталды. Форумға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров жиналғандарды мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің мән-маңызына тоқталды. Сондай-ақ, жиында Мемлекеттік Тудың авторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл толғаны айрықша аталып, тұлға рухына құрмет көрсетілді. Іс-шара барысында патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Форум соңында тұрғындар назарына париоттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұсынылды. Одан кейін, облыс орталығында Мемлекеттік рәміздер күніне орай вело және автошеру ұйымдастырылды. Іс-шара «Mart» сауда үйінен бастау алды. 40 велошабандоз Төле би даңғылы арқылы Тұңғыш Президент саябағына дейін жүріп өтсе, 50 автокөліктен тұратын автошеру бағыты қаланың басты көшелерін қамтыды. Осы күні «Ту – барлық үйде» акциясы аясында қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің терезелері мен балкондарына Мемлекеттік Ту ілініп, Рәміздерге құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, облыстағы барлық мекемелер, кәсіпорындар мен сауда орталықтары, сауда орындарында бір уақытта Мемлекеттік Гимн орындалды. Осындай бағыттағы мерекелік шаралар облыстың барлық аудандарында да ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия биыл 6-10 қараша аралығында Тараз қаласы мен аудандарда зерделеу жұмыстарын толықтай жүргізді. Осы айда комиссияның отырысы өтетін болады. Одан бөлек, Шәкен Ниязбековтің туғанына 85 жыл толуына орай 24 қарашада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда.
Назерке СӘНДІБЕК