Әлеумет

«Жамбыл облысының жастарына жеңілдетілген тәртіпте несие берудің 2023-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы

«Жамбыл облысының жастарына жеңілдетілген тәртіпте несие берудің 2023-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы

Бағдарлама шарттары:

- көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесі;

- көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер;

- жер учаскесі бар пәтер;

- Сатып алынатын тұрғын үйдің құны – қарыздың ең жоғары сомасынан және Бағдарламаға қатысушының меншікті қаражатынан тұратын сатып алынатын тұрғын үйдің құны. сатып алынатын тұрғын үйдің құны қарыздың ең жоғары сомасынан асып кеткен жағдайда, Бағдарламаға қатысушы сатып алынатын тұрғын үйдің құнын толық төлеу үшін ағымдағы шотқа өз қаражатынан айырма енгізуге міндеттенеді

Бағдарламаға келесі қызмет салаларында жұмыс істейтіндер қатысады (техникалық, әкімшілік персоналды және мемлекеттік қызметкерлерді қоспағанда):

- Жамбыл облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласының бейінді қызметкерлері.

2) Білім беру саласы:

- Жамбыл облысында орналасқан жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлері және ғылыми-зерттеу институттардың ғылыми қызметкерлері;

- мемлекеттік емес (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) балабақшалардың тәрбиешілері.

3) Мәдениет саласы:

- Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ)негізгі сала қызметкерлері;

           4) Спорт саласы:

- Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде, ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда қызмет ететін жаттықтырушылар (оқытушылар);

5) Дін саласы:

- Жамбыл облысында орналасқан дін проблемаларын зерттеу орталығының қызметкерлері;

6) Журналистика саласы: Жамбыл облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшілері.

 

Бағдарлама қатысушысына қойылатын талаптар:

Қатысушылардың құжаттарын бағалау үшін ұпайларды есептеудің өлшем шарттары

Бағдарламаға қатысушы Өтінім берген сәтте заңды тіркелген некесінің жай-күйі және балаларының болуы не болмауы туралы мәртебесін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсыну арқылы бағаланады.

- Қатысушының өтінім толтыру кезеңінде заңды тіркелген некеде тұған жылдары бойынша:

Некеде болмаса / ажырасқан – 0 ұпай;

0-1 жылға дейінгі аралықтағы (бір жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 1 ұпай;

1-2 жылға дейінгі аралықтағы (екі жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 2 ұпай;

2-3 жылға дейінгі аралықтағы (үш жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 3 ұпай;

3-4 жылға дейінгі аралықтағы (төрт жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 4 ұпай;

4-5 жылға дейінгі аралықтағы (бес жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 5 ұпай;

5-6 жылға дейінгі аралықтағы (алты жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 6 ұпай;

6-7 жылға дейінгі аралықтағы (жеті жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 7 ұпай;

7-8 жылға дейінгі аралықтағы (сегіз жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 8 ұпай;

8-9 жылға дейінгі аралықтағы (тоғыз жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 9 ұпай;

9-10 жылға дейінгі аралықтағы (он жыл толмаса) тіркелген некесі үшін – 10 ұпай;

10 жыл толып, одан аса тіркелген некедегі жылдары үшін – 11 ұпай.

- Қатысушының балаларының саны бойынша:

Баласы болмаса / қайтыс болған болса – 0 ұпай;

1 (бір) бала болған жағдайда – 1 ұпай;

Одан әрі әрбір келесі бала үшін 1 ұпайдан қосылады.

Ескертпе: Жолдама алғандар мен резервке енгізілгендердің тізімі - ұпайлары ең жоғарыдан төменге дейінге қарай қалыптастырылады. Бағдарлама қатысушылары (резервтегілер) жинаған ұпай саны тең болған жағдайда, сайтта өтінімді уақыт бойынша бірінші болып жіберген қатысушыға басымдық беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы

1. Бағдарламаға қатысушының жеке куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;

2. Азаматтық хал-ахуалды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (неке қию немесе некені бұзу немесе жұбайының қайтыс болуы туралы құжаттар);

3. Балаларының туу (қайтыс болу) туралы куәлігінің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;

4. Бағдарламаға қатысушының Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);

5. Бағдарлама қатысушысы жұбайының (болған жағдайда) Қазақстан Республикасы бойынша жылжымайтын мүліктің болуы не болмауы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі (Бағдарламаға қатысуға өтінім берген күнге дейін кемінде күнтізбелік 1 күн бұрын берілген болса жарамды);

6. Берілген күні, шығыс нөмірі, жұмысқа орналасқан күні және атқаратын лауазымы, мекеме атауы және 6 айлық зейнетақы аударымдары көрсетілген ұйымның / мекеменің фирмалық бланкісіндегі жұмыс орнынан анықтама (ресми бланкі болмаған жағдайда анықтамада ұйымның мөрі болуы тиіс);

7. Бағдарламаға қатысушының «Отбасы банк» мобильдік қосымшасы ұсынатын QR коды бар жинақ шоты анықтамасының электрондық көшірмесі.