Сапалы білім беретін академия
Сапалы білім беретін академия
Ғимарат жеке кәсіпкердің қаражатына салынғанымен, оқушылар мұнда мемлекеттік тапсырыс арқылы тегін білім алады. Ата-аналардың қалауы бойынша оқушылар балабақшадағыдай кешке дейін мектепте оқиды, ойнап, тыныға алады. Сондай-ақ, тамақтанып, қосымша үйірмелерге қатысады. Балдырғандардың жан- жақты дамуына арналған 15 тегін үйірме жұмыс істейді. Оның ішінде, шахмат, робототехника, би, гимнастика, футбол, каратэ, қолөнер, вокал, сурет с алу, ағылшын тілі, орыс тілі, қазақ тілі сынды үйірмелер бар. Бұдан бөлек, логопед, психолог, дефектолог мамандары оқушыларға көмек көрсетеді. – Біздің мақсатымыз – оқушылардың с апа лы білім алуына және уақытты тиімді пайдалануларына жағдай жасау. Таңертең мектепке келген бала стандарттық білім алады, ыстық тағаммен қамтылады, үйірмеге қатысады, одан кейін ұзартылған күн тобында үй тапсырмасын орындайды. Кешкісін арнайы көлікпен үйлеріне жеткізіп тастаймыз. Серіктестік теңгерімінде балаларды тасымалдауға арналған 5 көлігіміз бар. Бес бағытта, атап айтсақ, Әлжан ана, Алға, Қордай ауылы мен Красный партизан шағын ауданына және әскери қалашыққа қатынайды. Таңертең оқушыларды үйінен алып кетіп, кешке жеткізіп салады. Бір сөзбен айтқанда, жұмысбасты ата-аналарға өте ыңғайлы, – дейді аталған білім ошағының директоры Нұргүл Тулендиева. Мектептің әрбір қабатының өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, бірінші қабатта асхана, спортзал, сынып кабинеттері және акт залы орналасса, екінші қабатқа көтеріле бергенде фойеге оқушылардың сурет, қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырып қойған. Бұл қабатта кабинеттермен қатар кітапхана бар. Әр кабинет интерактивті тақтамен және ортопедиялық парта-орындықтармен қамтылған. Бұл ортопедиялық жабдықтарды Павлодар қаласынан арнайы алдырған екен. Айтпақшы, мұнда оқушыларға жеке заттарын салып қоюға арналған ұяшықтары бар. Оны балалар қолдарына тағатын арнайы білезікпен ашып, жабады. Ал, үшінші қабатта компьютерлік сынып орналасқан. Бұл жерде 40 компьютер және мектеп бойынша ең үлкен интерактивті тақта қойылған. Бұдан бөлек, заманауи білім ошағында оқушылардың ғылымға қызығушылығын оятатын зертхана кабинеті де бар. Енді балақайларға робототехниканың қыр-сырын білуге, жаңа жобаларды әзірлеуге мүмкіндік туып отыр. Мектеп қабырғасына салынған әсем суреттерге де мән бермеу мүмкін емес. Оны арнайы Алматы қаласынан кәсіби суретшіні шақыртып, салдырған екен. – Біздің мектепте ұзақ жылғы еңбек өтілі бар, өз ісінің шеберлері жұмыс істейді. Қазіргі таңда штатта 30 мұғалім бар. Барлығы жоғары санатты, білімді мамандар, – дейді мектеп директоры. Екінші тоқсанды жаңа ғимаратта бастаған оқушылар дән риза. Ба ла ларын ерте келген ат а- аналардың да көңілі тоқ. «Менің балам биыл 1-сыныпқа барды. Ұлымның о сындай заманауи интеллектуалды мектепте оқитынына өте қуаныштымын. Ба ла ларымыз ат а лған білім ұясынан жан-жақты сапалы білім алып шығатынына сеніміміз мол», – дейді ата-ана Әйгерім Бекқожа. Жаңа білім ошағының ашылу с а лт анатына келген қадірлі қонақтар ақ баталарын беріп, жылы лебіздерін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет сөз алып, жаңа мектепте балалардың зейіні ашылсын деген тілегін жеткізді. Символикалық қызыл лентаны қию құрметі мектептің құрылтайшысы Нұрлан Тулендиев пен кәсіпкер Сәрсебек Салыбаевқа берілді. – Қазіргі таңда 300 бала қамтылды, тек санаулы орындар ғана қалды. Енді біз тек нәтижеге жұмыс істейміз. Менің басты мақсатым – сол. Алға қойған жоспарларымыз көп. Тек талмай еңбек етуіміз қажет, – дейді мектеп басшысы. Мектеп директоры Нұргүл Нұрланқызы білім саласына қатысты жобаларды сәтті жүзеге асырып келе жатқан жеке кәсіпкер ретінде қордайлықтарға жақсы таныс. Оның ашқан балабақша, мектепке даярлық орталықтары кішкентай бүлдіршіндеріміздің асыға баратын сүйікті орындарына айна лып үлгерген. Жаңадан ашылған мектепте де жарқын болашақтың іргесін қалаушы – талапты шәкірттер тәрбиеленіп, бұл мекеме аудандық білім саласына іргелі үлес қосар берекелі білім ошағы боларына сеніміміз мол.
Сәуле МҰХАДИНҚЫЗЫ,
журналист.
Қордай ауданы