Өңірде натрий зауыты салынады
Өңірде натрий зауыты салынады
Кездесу барысында сабақтас өндірістерді құру, өнімді өткізуді жолға қою және экспорттау мәселелері талқыланды. Облыс әкімі ішкі нарықты қорғау мен отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. Осы күні аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Koyuncu Group түрік компаниясының өкілдерімен де кездесті. «Karatau Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі натрий пиросульфит өндіретін зауыты 2024 жылдың қаңтар айында іске қосылады деп жоспарланған. Компанияның бас директоры Рахим Ергунның айтуынша, оған салынатын инвестицияның көлемі 7 миллион долларды құрайды екен. Ал, өндірістің жылдық қуаты 25 мың тоннаны құрайды. Келіссөз барысында қос тарап ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, оны одан әрі жандандыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ, әртүрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды бірлесе отырып талқылады.
«Aq jol»-Aqparat.