Жамбыл облысында жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Жамбыл облысында жаппай улану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Байзақ ауданында астан ұшынғандардың жағдайы қазір қалыпты. 33 оқушы мен 2 мұғалім ауруханада ем алып жатыр. Асхана уақытша жабылды. Сарыкемер ауылындағы мектепке азық-түлік жеткізетін серіктестікке қатысты іс қозғалды. «Тоқсейітов» атымен тіркелген кәсіпкер биыл гимназиядағы 920 баланы аспен қамту үшін 245 млн теңгеге тендер ұтқан. Ал биыл облыстағы 445 мектепті ыстық тамақпен қамтуға 7 млрд теңгеге жуық ақша бөлініпті. Әзірге балалардың нақты неден ұшынғаны белгісіз. Тексеріс қорытындысы 10 күнде белгілі болмақ.