Әлеумет

Таразда Д. Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды

Таразда Д. Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнир басталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған шараға қатысушыларды құттықтаған аймақ басшысы, спортшыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының бас хатшысы Димаш Сұлтанов та өз лебізін білдірді. 3-5 қараша күндері аралығында өтетін халықаралық туринирге Моңғолия, АҚШ, Грузия, Қытай Халық Республикасы, Словакия, Эквадор, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан мемлекеттерінен командалар қатысуға тіркелген. Балуандар 57келі, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 және 125 келі салмақ дәрежелерінде өзара кім мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, олардың жаттықтырушыларына арнайы медаль, дипломдар мен демеушліер есебінен қаржылай сертификаттар табысталатын болады.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі