Отандық ғылым асыраушы саланы алға жетелейді
Отандық ғылым асыраушы саланы алға жетелейді
Айта кетсек, Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы аграрлық ғылымның негізгі қоғамдық үйлестіру орталығы болып табылады. Қазіргі уақытта академия еліміздің аграрлық ғылымының барлық жетекші ғалымдарын біріктіреді. Академияның 126 нақты және 26 корреспондент мүшелері бар, олар еліміздің ғылыми-зерттеу және жоғары оқу орындары жүйесінде табысты жұмыс істейді. Олардың ішінде ғылымның әртүрлі бағыттарының өкілдерін ерекше атап өтуге болады. Мәселен, академик Рахым Оразалиев жасаған күздік бидай сорттары облыс егістіктерінде кеңінен өсірілсе, академик Ғани Қалиев ірі ұйымдастырушы экономист, АӨК дамыту тұжырымдамасының авторы, ал академик Сәбит Байзақов орман мелиорациясы саласындағы еңбектерімен танымал майталман. Нариман Қыпшақпаев – су ресурстарын үнемдеу технологиялары саласында өз еңбектерімен үлкен үлес қосқан академик, сол секілді жем-шөп дайындауға арналған ағындық желілер мен машиналарды технологиялық жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жасаған академик Владимир Голиков, жайылымдық қой шаруашылығының ғылыми негізін жасаған академик Төлеуәли Сарбасов, еліміздегі қаракөл шаруашылығы саласының негізін қалаушылардың бірі де бірегейі академик Хисемидулла Укбаев секілді қайраткер ғалымдар өз тәжірибелерін, білімдерін өз оқушылары мен өскелең ұрпаққа үйретуде. Кездесу барысында өңірдің аграрлық саласының мәселелері, сондай-ақ дамудың болашақтағы жоспарлары талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің аграрлық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты міндет қойды. Ербол Қарашөкеев негізгі міндеттердің бірі – инновациялық тәсілдерді енгізу, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және заманауи агротехникалық технологияларды дамыту болып табылатынын атап өтті. – Ауыл шаруашылығы – халықты аса маңызды азық-түлікпен қамтамасыз ететін облысымыздың негізгі салаларының бірі. Бүгінде ол тез арада шешілуді қажет ететін көптеген мәселелерге тап болды. Инновациялық технологиялардың, ғылыми жаңашылдықтардың ендірілуі осы мәселелердің бірнешеуін шешуге көмектеседі. Мысалы, суарма суының жетіспеушілігінен жыл сайынғы құрғақшылықты ескеріп, суды үнемдеу технологияларын белсенді ендіру керек. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің тиімділігін арттыру, сондай-ақ ветеринария саласындағы мәселелер ерекше назар аударуды талап етеді, – деді өңір басшысы. ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының басқарма төрағасы, профессор Теміржан Айтбаев өңірде көкөніс және бақша шаруашылығын дамытуды ұсынды. – Біздің институтта бар 200 сорттың 70-тен астам сорты Жамбыл облысында өнім береді. Мысалы, шетелде бір гектар жерге егілген пияз тұқымы 550-600 мың теңге тұрады, ал бізде он есе арзан. Біз тұқым шаруашылығын дамытуымыз керек. Бір кездері аймақта сәбізден жақсы өнім жиналатын. Біз сіздердің қызанақ, жеміс-жидек, жүзім, жылыжай шаруашылықтарын кеңінен дамытқандарыңызды қалаймыз. Бірнеше жыл бұрын біз мұнда көкөніс шаруашылығын дамыту жобасын жүзеге асыруды көздедік. Биыл оны іске асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Теміржан Айтбаев. Облыс әкімі ғалымның ұсынысын қолдады. Көршілес Қырғызстанда егіс алқаптары аз болғанына қарамастан, тұқым шаруашылығының жеткілікті дамығанын атап өтті. Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Ғалия Әкімбекова басқа өңірлерге пилоттық жоба ретінде Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру тәжірибесін көрсетуді ұсынды. Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Нұрлан Балғабаев жерасты суларын пайдалану және жерді қалпына келтіру туралы ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, қажетті есептеулер тиісті министрлікке жіберілген. Сонымен қатар, Нұрлан Балғабаев суармалы егіншіліктегі суды үнемдеу мәселеріне тоқталды. Атап айтқанда, су ресурстарының тапшылығы, суару жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы, су ре сурст арының ұтымсыз пайдаланылуы және өнімсіз шығындардың көп болуы, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының қанағаттанарлықсыз болуы, суды пайдалануды есепке алу жүйесі тиісті деңгейде қамтамасыз етілмейді, суды есепке алуды және су ресурстарын басқаруды автоматтандыру жүйелерінің әлсіз ендірілуі, суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын қалпына келтіру және сақтау, қамтамасыздығы әртүрлі болатын жылдар бойынша қолдағы су ресурстарының болуы туралы сенімді болжамдардың болмауы, жерасты суларының қорларын қайта бағалау үшін қаржы көздерінің болмауы, білікті кадрлардың тапшылығы мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, трансшекаралық су ресурстарын су бөлу және жерасты суларын пайдалану бойынша шаралар қабылдау, ирригациялық жүйелерді жаңғырту және кешенді қайта құру, қалпына келтіру, суарудың суды үнемдеу технологияларына көшу, мелиорациялық іс- шараларды уақтылы және сапалы өткізу, су ресурстарын тиімді басқару және суды есепке алу, су шаруашылығын цифрландыру – басқару мен мониторингтің автоматтандырылған жүйесін ендіру, ГТҚ автоматтандыру, ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау, мемлекеттік органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары көрсететін қаржылық көмек, кең бейінді су секторының мамандарын даярлау секілді жоғарыда аталған мәселелердің шешілу жолдарын да ұсынды. Бүгінгі таңда Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ Жамбыл облысының суармалы жерлерінде суарудың суды үнемдеу технологияларының жобаларын жасап, ендіру жұмыстарын орындауда. Сондай-ақ, ғалымдар Жамбыл облысында суарудың суды үнемдеу технологияларын қолданатын алқаптарын 58,785 мың гектарға дейін арттыру жоспарланғанын (2022 жылмен салыстырғанда 8,508 мың гектарға ұлғайды) айтты. Суарудың суды үнемдеу технологияларын қолдану – суарма суының шығындарын 20-дан 30 пайызға дейін төмендетуді қамтамасыз етеді. Суды үнемдеу технологияларын қолдана отырып, алқаптарды 8,508 мың гектарға ұлғаюы судың орташа өлшенген шығындарын 1 гектарға 7,57-ден 7,4 мың текше метрге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл суарма суды 23,7 миллион текше метр үнемдеуді қамтамасыз етеді және суармалы жерлердің ауданын 3,2 мың гектарға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ шалғайдағы мал шаруашылығында шахталы құдықтарды тазартудың контейнерлік технологиясын енгізуді ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, Жамбыл облысының суармалы жерлерінде фосфогипсті пайдалана отырып, тозған сортаң және сілтілі топырақтардың мелиорактивтік жағдайын жақсарту технологиясын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу, Қазақстанның сортаңданған және тозған жерлерін қалпына келтірудің инновациялық технологиясы, мобильді тұщыландыру қондырғысы негізінде тұщыландыру технологиясын ғылыми сүйемелдеу және енгізу секілді бірнеше жобалар жасады. Нұрлан Балғабаев аталған жобалардың сұранысқа ие екенін айрықша атап өтті. Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев 25 мың гектарға жуық пияз алқаптарында тамшылатып суару ендірілетінін жеткізді. Қазіргі уақытта ұңғымаларды бұрғылауға субсидияларды 80 пайызға дейін ұлғайту туралы мәселе қаралуда. Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы академигі Жан Ниязбеков отандық мамандардың биологиялық, экологиялық және технологиялық жағынан зиянкестермен және шегірткелермен күресуге дайын екендігін атап өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президентінің кеңесшісі, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профе ссор Аюп Ысқақов фермерлердің біліктілігіне қатысты пікірімен бөлісті. – Жасыратыны жоқ, жастар арасында бұл салаға деген қызығушылық өте төмен. Тіпті, ауылдық жерлерде де балалар мал жаюды білмейді немесе егіншіліктің негіздерінен бейхабар. Жоғары оқу орындарында да аграрлық салада білім алуға құштар студенттер аз. Біз әр мектепке, әр оқу орнына жоба дайындаймыз. Сонымен қатар, жобаларымыз қолдау табатынына үміттенеміз. Әулиеатада гидропоника сәтті дамып келеді. Бірақ, әлі де ғылыми негіз қажет, – деді Аюп Рашидұлы. Кездесу барысында «KazOnimExport» корпорациясының төрағасы Алмас бек Байшекеев фермерлерді «Сенім» жаңа бағдарламасына қатысуға шақырды. Оның айтуынша, бағдарлама механизмі саланың барлық өзекті мәселелерін қамтыды. Өңір басшысы жауапты мамандарға бұл мәселені ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп зерделеуді тапсырды. Кездесуді қорытындылай келе, Ербол Қарашөкеев ғалымдардың тиімді ұсыныстарын қолдайтынын, салаға ғылыми жетістіктерді енгізудің маңыздылығын атап өтіп, өзінің орынбасары Қанатбек Мәдібекке жаңа жобалар мен айтылған ұсыныстарды талдауды тапсырды. Мұнан соң Тараз қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында осы аталған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы академиясының мүшелерімен кездесу өтті. Бұл кездесуге Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Тілектес Есполов, Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі директоры Нұрлан Балғабаев және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы академиясының президенті, ҚР ҰҒА академигі, профессор Тілектес Есполов бастаған бірқатар ғалымдар қатысты. Атап айтқанда, «Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ» басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Ғалия Әкімбекова, ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» басқармасының төрағасы Теміржан Айтбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті, ҚР ҰҒА Құрметті академигі Болатхан Махатов, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы президентінің кеңесшісі, ҚР АШҒА академигі Аюп Ысқақов, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті, ҚР АШҒА академигі Есенбай Исламов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің су ресурстары кафедрасының профессоры Құдайберген Бейсембин, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Жан Ниязбеков, «KazOnimExport» корпорациясының төрағасы Алмас бек Байшекеев қатысып, ой-пікір алмасты. – Бұл шараның басты мақсаты – АӨК с аласындағы мәс елелерді көтеріп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдау және Жамбыл облысының әкімдігімен Қазақ ауылшаруашылық ғылым академиясының арасында тиімді қарым-қатынас жүйесін қалыптастыру. Жамбыл облысы өнеркәсіпте де, ауыл шарушылығында да әлеуетке ие өңірлердің бірі. Сондай-ақ экономиканың барлық саласы бойынша жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді. Айта кетсек, облыстың жалпы ішкі өнімі соңғы 15 жылда 87 пайызға жоғарылады. Ал, былтыр бұл көрсеткіш 5 мың АҚШ долларына жетті. Осы уақытта адам басына шаққанда ЖІӨ 34 пайызға өсті, яғни 11,4 мың АҚШ долларын құрады. Бұл аймақ 20 облыстың ішінде 15 орынға ие. Жалпы, республика бойынша өндірілген өнімнің көлеміндегі үлесі – 2,7 пайыз. Облыс өзінің бағыты бойынша индустриалды-аграрлық аймақ болып табылады. Соңғы 30 жылда облыс халқының саны 17 пайызға артты. Облыстың экономикалық дамуының локомотиві, негізгі саласы – өңдеу өнеркәсібі. Оның үлесі 2022 жылы шамамен 67 пайызды құрады (республиканың өңдеу өнеркәсібінде – 2,3 пайыз). Өңдеу өнеркәсібі өңірдің ЖӨӨ-нің шамамен 11,5 пайызын құрайды. Облыста агроөнеркәсіп кешені жақсы дамыған. 2022 жылы ЖӨӨ-дегі облыстың ауыл шаруашылығының үлесі республиканың ауыл шаруашылығы құрылымында 11 пайызды немесе 5 пайызды құрады. Қазақстанда ең бірінші болып ауылшаруашылық кооперациясын қолға алған бір облыс болса, ол осы аймақ деуге болады және инновациялық технологияларды қолдану жағынан да бұл облыс алда. Мысалы, облыста 29,8 мың гектар аумақта ылғал үнемдеу технологиялары енгізілген, суды үнемдеу (тамшылатып суару және жаңбырлату) әдістері кең қолданылады. Ылғал үнемдеу технологияларын енгізу нәтижесінде үш жыл ішінде облыста дәнді дақылдардың жалпы өнімі орта есеппен 1,2 есеге, көкөністің – 1,3 есе, картоптың – 1,1 есе, бақшаның – 1,3 есе өсті. Бір гектардан алған көкөністің өнімділігі – 266,9 центнер, картоптың – 230,8 центнер, бақшаның – 268,6 центнерді құрады. Облыс елімізде жетекші орын алады. Мақсары және бақша дақылдарын өндіруден – 2-орын, көкөніс дақылдары мен жүгері – 3-орын, арпа – 5-орын. Бұл облыста мал шаруашылығы да кең дамыған. Былтыр облыста ірі қара малдың басы 306 мың бас, қой мен ешкі – 2 380,3 мың бас, жылқы – 99,6 мың бас, шошқа – 26,1 мың бас, құс 1092,8 мың басқа жетті. Сондықтан, Қазақ ауылшаруашылық ғылым академиясының ғалымдары ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге өз тараптарынан барлық сала бойынша ғылыми негізде көмек көрсетуге дайын. «Қазақстан Ре спубликасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы» 1971 жылы құрылған. Қазіргі кезде академияда әр сала бойынша 174 академик бар. Біздің басты міндетіміз – әлемдік ғылым мен жаңа технологияларды елге тарту. Сондықтан, облыста осы жұмыстарды іске асыру үшін білім, ғылым, жаңа технологияларды тартатын орталық ашуымыз қажет. Аталмыш орталық ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосатыны сөзсіз, – деді өз сөзінде Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тілектес Исабайұлы. Кездесуде қазіргі аграрлық ғылымның мәселелері талқыланды. Кездесу аясында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы арасында меморандумға қол қойылды. Ке зде су барысында облыс әкімінің келісімімен Қазақ су шаруашылығы ғылыми- зерттеу институтының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі директоры Нұрлан Балғабаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы академиясы орталығының жетекшісі болып тағайындалды.
Нұрлан НҰРМАХАНҰЛЫ,
Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.