Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
Елімізде «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды
2 қарашада басшылық штабы Қызылорда облысында орналасқан «Зымыран-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығу жетекшісі – ҚР ТЖ вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісов. Жаттығу 3 қарашаға дейін жалғасады. РКШУ еліміздің 11 өңірінде өтуде. Зымыран бөліктерінің апатты құлауының салдарын жою бойынша бірінші кезектегі іс-шаралар пысықталды. Дереккөз: ҚР Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі