Жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалады
Жобаларды жүзеге асыруға барлық жағдай жасалады
Қытайлық компания облыс аумағында жел және күн энергетикасын дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға, күн батареяларын шығаратын зауыт салуға ниетті. – Облысымызда бірнеше индустриялық аймақтарды ашу жоспарлануда, онда жобаларды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті көмектер көрсетіледі, – деді облыс әкімі. «Жамбыл Гипс» акционерлік қоғамының өкілі Владимир Рахманов кәсіпорын қызметін одан әрі кеңейту жоспарлары туралы айтып берді. «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы гипсті құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсті құрылыс плиталарын өндіруші болып есептеледі. Бүгінде зауытта 140 адам еңбек етуде. Өткен жылы гипсокартон өндіру іске қосылған цехта осы жылдың тоғыз айында 58247 тонна құрғақ қоспалар, 104 мың тонна гипс өндірілген. Кездесу барысында тараптар кәсіпорынды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету, аралас өндірістер құру мәселелерін талқылады. Ербол Қарашөкеев пен «Доминант» компаниялар тобының коммерциялық директоры Александр Демидов Тараз қант зауытын одан әрі дамыту жобаларын қарады. Зауыттың ағымдағы қуаттылығы тәулігіне 400- ден 600 тоннаны құрайды. Ұсынылған инвестициялық шаралар іске асқан жағдайда өнімділік 20 пайызға артады деп күтілуде. Осы жылдың қаңтар- тамыз айларында 102890 тонна қант өндірілген.
Нұрдаулет АСАН