Жамбылдық жампоздар жеңіспен оралды
Жамбылдық жампоздар жеңіспен оралды
Сонымен қатар, биыл 24-29 қазан аралығында Сауд Арабиясы Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында өткен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына облысымыздан 15 спортшы қатысып, 12-сі жүлдемен оралды. Салтанатты шара барысында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов жампоздарды кезекті жеңісімен құттықтап, табыс тіледі. Ал, IV жазғы Пара Азия ойындарының 2 дүркін жеңімпазы, жүзуден Азия Паралимпиада рекордын жаңартқан Нұрдәулет Жұмағали тақымын қысып, тілеуін тілеген барлық жерлестеріне алғысын жеткізді. Сондай-ақ, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгілер арасында Әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлының жаттықтырушысы Асылжан Байзақов пен армрестлингтен Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарының қола жүлдегері, сонымен қатар аталған жарыстың жүлдегерлері Раушан Жаналиева мен Айгерім Қараманованың жеке бапкері Жұлдыз Күнтуғанова әулиеаталық спорт сайыпқырандары алдағы уақытта да ел сенімін абыроймен ақтап, биіктерден көрінетініне сенім білдірді. Айта кетсек, Сауд Арабияда өткен дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында ел намысын біздің өңірден 15 спортшы қорғады. Жалпы, байрақты бәсекеге Қазақстанның атынан 53 спортшы қатысқан болатын.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ