Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды
Комиссия отырысы барысында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Байболат баяндама жасап, жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жұмыстарының 9 айдағы қорытындысы туралы тоқталып өтті. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Даурен Омаров жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша баяндама жасап, анықталған тәуекелдерді жою бойынша бірқатар ұсыныстар айтып өтті. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын сапалы жүзеге асыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, жемқорлықтың алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру бойынша хаттамалық тапсырмалар берді.