«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы өзгереді
«АрселорМиттал Теміртаудың» атауы өзгереді
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, мемлекет кәсіпорынды өз меншігіне қайтарғаннан кейін заң бойынша «Арселор» атауын қолдана алмайды. Үкімет компанияның активтерін толықтай қайтаруды көздеп отыр. Ол үшін бюджет қаржысын жұмсамаймыз деді министр.
Дереккөз: Qazaqstan. tv