Шетелдік инвесторлар 1900 адамды жұмыспен қамтуға ниетті
Шетелдік инвесторлар 1900 адамды жұмыспен қамтуға ниетті
Комбинат құрылысына Қордай ауданынан жер телімі бөлінген. Жаңа комбинатта Доре қорытпасы (алтын-күміс қорытпасы) өндіріледі. Комбинат толық қуатына шыққан кезде 10000 килограмға дейін бағалы металл өндіреді деп көзделуде. Құны 1,7 миллиард еуроны құрайтын жоба үш кезеңде жүзеге асады. Компания 1900 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ниетті. Олар үшін вахталық қалашық салу жоспарлануда. «Monterra Group AG» неміс компаниясының өкілі Иоганн Штоль тау-кен металлургия комбинатында өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін озық технологиялар қолданылатынын атап өтті. – Жоба бірнеше жылдан бері жүзеге асуда десек, оның тезірек іске қосылып, нақты нәтиже көрсетуі маңызды. Жергілікті билік тарапынан қолдаулар жалғасады, – деді облыс әкімі. Ербол Қарашөкеев болашақ тау-кен металлургия комбинатының жанында Жамбыл кәсіпкерлерін тарта отырып, шағын және орта өнеркәсіп нысандарын жүзеге асыру керектігін жеткізді. Аймақ басшысы жаңа кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып, мамандарды даярлау жұмыстарын алдын ала жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, бұл күні облыс әкімі мен «Korcem» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Станислав Щербаков Қордай ауданында қуаттылығы жылына 1,3 миллион тонна цемент зауытын салу жобасын талқылады. Жоба құны 50 миллиард теңгені құрайды. Осы жылдың сәуір айында іргесі қаланған зауыт 2025 жылы желтоқсан іске қосылады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстарына барлығы 1900-ге дейін адам тартылса, жоба іске қосылғаннан кейін 600-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Кездесуде инфрақұрылым тарту, теміржол желісін салу мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.