Костенко атындағы шахтадағы жағдай бойынша 29.10.2023 ж сағат 20-00-дегі ақпарат
Костенко атындағы шахтадағы жағдай бойынша 29.10.2023 ж сағат 20-00-дегі ақпарат
Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда. Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда. Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда: - шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы; -металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері; - желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды. Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.