Басты жаңалық

Президент Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Президент Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада болған апат салдарын жою жөніндегі жедел штаб отырысын өткізді

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов құтқару жұмыстарының барысы және қазіргі ахуал туралы: Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілді. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстарына 10 бөлімше, 55 тау-кен құтқарушы және 12 техника жұмылдырылды. Жұмыстар екі өндіру учаскесі аумағында жүргізілуде. Жаңа өрт ошақтары байқалмайды. Жұмыс тәулік бойы жалғасады, деді Сырым Шәріпханов. ❗️Мемлекет басшысы іздестіру-құтқару жұмыстарын барлық қажетті күшті тарта отырып, күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды.  

Qazaqstan.tv