Костенко атындағы шахтадағы апат: Сенім телефоны іске қосылды
Костенко атындағы шахтадағы апат: Сенім телефоны іске қосылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты Костенко шахтасында болған оқиғаға байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаменті ақпараттық-психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары іске қосылды: (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51- 72-23», - деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі. Алдын ала болжам бойынша, лавада газ метан жарылған. Оқиға орнында штаб құрылды. Костенко атындағы шахтада Қарағанды облысының әкімі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары, Қарағанды облысының прокуроры, арнайы құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүр. Құтқарушылар әлі жұмыс істеп жатыр.