Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты

Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты
Облыс әкімдігінің мәліметінше, апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған. Іздестіру кезінде жеті кеншінің мәйіті табылды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.