Әскери техника қысқа сақадай-сай
Әскери техника қысқа сақадай-сай
Қысқы және жазғы уақытта техникалардың жұмыс жағдайлары айтарлықтай ерекшеленеді, сондықтан техниканы қысқы режимге көшірудің барлық ұйымдастырушылық мәселелерін қамтамасыз ету қажет. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың ең маңызды міндеті – қысқы жағдайда алғашқы дабыл бойынша жауынгерлік машиналар әртүрлі марштарды өткізуге, жеке құрамды тасымалдауға және кез келген тапсырманы орындауға әскери көлік парктерінен шығып, жедел әрекет ете алатындай әскери техниканы дайындау. – Басқа бөлімшелердің қатарында «Оңтүстік» РМК Бауыржан Момышұлы атындағы бесінші механикаландырылған бригадасының әскери қызметшілері де әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп, қару-жарақтың жағдайын тексеріп, анықталған ақауларды жоюы керек. Механикаландырылған бригадада әскери техниканы қысқа дайындау жұмыстарының көлемі де қомақты. Әскери бөлімнің жауынгерлік автокөлік парктерінде ондаған жаяу әскердің жауынгерлік машиналары, тракторлар, танктер, КамАЗ-дар, автобустар, жеңіл автокөліктер және басқа да әскери арнайы техникалар қызмет көрсетті. Қажет болған жағдайда машиналарда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен бөлшектер мен тораптар ауыстырылады. Сонымен қатар, жауынгерлік техниканың инвентаризациясы ауыстырылып, шығын материалдары – қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар мен керек-жарақтар толықтырылуда. Біз қару-жарақтың техникалық жағдайына және қысқы жұмыс режиміне көшіру мәселелеріне жіті көңіл бөлеміз, – деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Радик Сабирзянов. Жауынгерлік машиналар кез келген ауа температурасында және кез келген ауа райы жағдайында іске қосылатынына, барлық жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ.