Таудан тас құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды
Таудан тас құлауына байланысты Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді. «Сондай-ақ аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту жұмыстары жоспарланған. Оған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылатын болады», - деп хабарлады әкімдіктен.