Марат Бекетаев елден қашпақ болған
Марат Бекетаев елден қашпақ болған
21 қазанда лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған Әділет экс-министрі Марат Бекетаев елден қашпақ болған. Бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа қылмыстық іс мемлекетке ірі көлемде залал келтіру, өкілетін теріс пайдалану әрекеті бойынша қозғалды. “Экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болғанда ұсталды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес жарияланбайды”, - деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев.