Алты оқушы үздік атанды
Алты оқушы үздік атанды
Аталған байқауға үміткерлер жақсы дайындықпен келіпті. Халқымыздың атамұра өнері «Айтыс» аталымы бойынша 6 оқушы бақ сынады. Бұл өнер додасында тараздық 9-сынып оқушысы Інжу Жаңабайдың шымыр шумақтары елдің көңілінен шықты. Сонымен қатар, Шу ауданынан келген 8-сынып оқушысы Жомарт Александр меркілік құрдасы Назгүл Ерланқызымен қызықты айтыс жасады. Біз Жомарттың бұрынғыға қарағанда біршама өскенін, ойы шымырлана түскенін байқадық. Бұл аталым бойынша тараздық Інжу Жаңабай жеңімпаз деп танылса, Жомарт Александр мен Назгүл Ерланқызы екінші, таластық Нұрайым Боранбай мен құландық Қазына Оразбай үшінші жүлдені өзара бөлісті. Сондай-ақ, «Мүшәйра» аталымы бойынша тараздық Іңкәр Жаңабай, «Шешендік білгірлік сайысы» аталымы бойынша меркілік Жанайым Есенәлі, «Эссе жазу» аталымы бойынша Т.Рысқұлов ауданынан Алина Тойлыбай, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» аталымы бойынша облыстық Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының оқушысы Ахмет Зейін, «Көркемсөз оқу» аталымы бойынша таластық Алдияр Жүзбай жеңімпаз атанды. Аталған байқауда белгілі ақындар Қасқырбай Нарбатыр, Айтмұханбет Исақ бастаған өңірімізге танымал өнер өкілдері қазылық жасады. Аталған байқауды «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы жоғары деңгейде ұйымдастырды. Аталған орталық директоры Майра Есеналиева барлық жеңімпаздарға сәттілік сапар тіледі.
Есет ДОСАЛЫ