Әлеумет

Денсаулық саласындағы серпіліс

Денсаулық саласындағы серпіліс

Мемлекетіміздің мүмкіндігіне қарай жаңа нысандар салу жыл сайын қарқынды жүргізіліп келеді. Ол қолдаудың игілігін біздің өңір де көріп отыр. Атап айтқанда, 2020 жылы облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жобасы аясында Байзақ ауданында Бурыл, Жетібай, Көкбастау ауылдық мәдениет үйлері, «Ауыл – ел бесігі» жобасымен Жамбыл ауданында Қаракемер, Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйлері соғылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ал, 2021 жылы Тараз қаласында 200 орындық облыстық онкологиялық диспансер салынса, Жамбыл ауданының, Қаракемер ауылында тәулігіне – 25, Меркі ауданының Сұрат және Тәтті ауылдарында – 30, Талас ауданы, Үшарал ауылында – 45, Есейхан ауылында – 30, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Дегерес аумағында – 30, Тоғызкент ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория көпшілікке есігін айқара ашты. Шу ауданы, Еңбек ауылында бір ауысымда 5 адам қабылдайтын медициналық пункт ашылғаны да – игілікті іс. 2022 жыл да денсаулық саласында біраз нысандар салынуымен есте қалды. Әсіресе, байзақтықтардың қуанышы аз болмады. Сарыкемер ауылында тәулігіне 250 келушіге арналған орталық аудандық емхана салынса, Түймекент ауылында – 30, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында – 25, Жуалы ауданы, Күреңбел және Бәйтерек ауылдарында – 25 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салынуы көпшіліктің көңіліне шаттық сыйлағаны анық. Ал, биыл Тараз қаласында 200 орындық облыстық онкологиялық диспансер салу көзделді. Сондай-ақ, Байзақ ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 2, Жуалы ауданында – 4, Қордай ауданында – 4, Шу ауданында – 3, Сарысу мен Меркі аудандарына – 1 медициналық нысан салыну жоспарланып отыр. Бұл еліміздің денсаулық саласына ерекше назар аударып отырғанын көрсетеді.  

Есет ДОСАЛЫ