Басқа елдер жаңа жылды қалай қарсы алады?
Басқа елдер жаңа жылды қалай қарсы алады?
Қытайда Жаңа жыл мерекесін көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейрверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Қытай мемлекеті григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жылды 31 желтоқсанда қарсы алады. Бағзыдан Қытай елінде Жаңа жыл мерекесі ең ұзақ әрі басты мереке болып есептеледі. Жаңа жылдың алғашқы күні аспанға отшашулар атылады. Наным бойынша, отшашулар жын-перілерді қашырып, шаңыраққа бақыт пен тыныштық шақырады. Қытай халқының ойынша, бұл күні олар әруақтар әлеміне барып, өткен жылдың қорытындысын жасайды. Содан кейін өткен ата-бабаларына құрмет көрсетеді. Қытай Жаңа жылы – думанды мереке. Бірнеше күн қатарынан қала көшелерінде жәрмеңкелер өткізіліп, ән-биге толы думанды қойылымдар көрсетіледі.
Еврей ұлттарында Жаңа жыл «Рон Ашана» деп аталады. Бұл кезде әр адам бір жыл бойы біліп-білмей жасаған күнәларынан тазартуын сұрап, «слихот» деп аталатын дұға оқып, Құдайға жалбарынады. Сәбилерге жаңа киім сыйлайды. Мерекелік дастарханға тек жеміс қояды. Кенияда Жаңа жылды керек десеңіз, суда қарсы алу салтқа айналыпты. Бұл күнді барша кениялықтар өзенге, көлге суға түсіп, қайыққа мініп, ән салып, сауық-сайран кұрып, ойын-күлкімен өткізеді. Кениядағы кей тайпалардың бірі Жаңа жыл қарсаңында бір-бірінің бетіне түкіреді екен, осылайша, олар денсаулық, бақыт, табыс тілейді екен. Осы мерекеде жасалатын тағам – лингон. Бұл тағамға, негізінен, түрлі әшекейлер, тиындар жасырылады. Бұл келер жыл тойымды болсын, ақшалы болсын деген ұғыммен түсіндіріледі. Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта (қыркүйектен наурызға дейін) қарсы алады. Үй иесі от Анасының міндеті – үйін өз қолымен істелген түрлі әдемі заттармен безендіру. Бұл елде Жаңа жыл мерекесінде ұшырылған батпырауықты садақпен атады. Батпырауықтың көлемі өте үлкен және түрлі түске боялады. Ең мерген біреуі оны садаққа жанып тұрған оқ салып атады. Батпырауық тұтанған кезде, той басталады. Бұл тойда би биленіп, өлең айтылып, әртүрлі спорттық ойындар көрсетіледі. Кеш соңында әркім өз өнеріне сай сыйлықтармен марапатталады.
Ағылшындар бiр-бiрiне Жаңа жыл қарсаңында қымбат бағалы сыйлықты әсте ұсынбайды. Себебі олар – қашаннан артық тиын жұмсамауға дағдыланған халық. Кiмге не сыйлау керектiгiн Жаңа жыл қарсаңында отбасылық жиналыс арқылы шешедi. Сонда да рождестволық суретi бар ашықхат таратудан әрiге аспайды. Желтоқсан айының басынан бастап қаланың көркі жаңажылдық иллюстрацияға толы болады. Лоуэр алаңына Нью-Йорктағы ең үлкен шырша қойылады. Шыршада 28 мыңнан астам жарық лампалары жанады. Ал Жаңа жылға екі сағат қалғанда көздің жауһарын алатын лазурьді шоу басталады.
Францияда Жаңа жылды үлкен қарқынмен қарсы алады. Мұнда Жаңа жылды қарсы алу үшін бір ай бұрын дайындалады екен. Мерекелік іс-шаралар барысында жәрмеңкелер, карнавалдар, сондай-ақ әртүрлі бал кештері өткізіледі. Жұрт бiр-бiрiне кез-келген сыйлықты ұсынғанымен, бiреудiң әйелiне әтiр сыйламайды. Себебi бұл елде заңды әйелiне тек қана күйеуi сыйлық жасайды.
Ұлыбританияда сыйлықтарды Фаза Хрисмас алып келедi. Бiздiңше айтқанда, Аяз ата және рождестволық әке саналатын оны барлығы да асыға күтедi. Сондықтан да әр отбасы өзiне қажеттi затты сұрап, ол келерден бiр апта бұрын хатқа жазады да, пешке салып өртеп жiбередi. Хаттың өртенiп, түтiнге айналуы арқылы мұржадан шыққан түтiн Фаза Хрисмасқа онда не жазылғандығын жеткiзедi деген ұғым бар. Бұдан соң үй иесi 31 желтоқсан күнi дүкенге барып, хатта жазылған заттарды өзi сатып әкеп, от жағылмайтын пештiң iшiне тығып қояды да, балаларына Аяз ата тастап кеттi деп тарататын болған.
Жапонияда Жаңа жыл мерекесін жылына екі мәрте тойлайды. Бірі – Еуропа күнтізбесі бойынша, бірі – ай күнтізбесі бойынша атап өтіледі.Cондай-ақ салт бойынша Жаңа жыл қарсаңында келер жылдың жануары бейнеленген ашықхаттар сыйлайды. Бұл мереке «Надоматсу» деп аталады. Сонымен қатар шырша ретiнде есiк алдындағы қарағайды күрiш сабақтарын орау арқылы жылтыр ойыншықтармен безендiредi. Қызығы сол, бұл күнi жапон балалары қабырғаға өзiнiң шұлықтарын iлумен болады. Себебi осы түнi Аяз ата (Дун Чен Лае Рен) сыйлық салып кетедi деген наным бар. Ескі жылдың соңғы күндері шаруаларға толы болады. Мерекеге дайындықтар жүргізіліп, барлығы ескі қарыздарын өтеуге асығады. Жапондықтардың нанымы бойынша, ескі жылы алған қарыздан құтылмай, Жаңа жылға қадам басу дұрыс емес. Бұл – жаман ырым.