Ердоғанды балағаттаған жасөспірім қамауға алынды
Ердоғанды балағаттаған жасөспірім қамауға алынды
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды
балағаттады деген күдікпен полиция қызметкерлері 16 жастағы жасөспірімді қамауға алды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ұсталған күдікті Анадолыда өтіп жатқан наразылық акциясында Ердоған мен басқарушы партияны жария түрде жемқор деп айыптаған. Түркия премьері Ахмет Дәуітоғлы полицияның бұл әрекетін қош көріп отыр. Ол мемлекет басшысына құрметпен қарау керек деген пікірде. Айта кетейік, Түркияның заңнамасына сәйкес, президентті балағаттау қылмыс болып саналады және бұл заңды бұзған адам 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.