Әлеумет

Жырласа, жастар жырласын

Жырласа, жастар жырласын

«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми- практикалық орталығы «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқау «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында ұйымдастырылып, оған облыстан 8-11 сынып аралығында оқитын 79 оқушы қатысты. Аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелердің үмітін арқалап келген өнерпаздар бір- бірінен оза шапты. Шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта ойнау бағытында бақ сынасқан талантты жастардың ішінен топ жарып шыққандар республикалық кезеңге жолдама алды. Шешендік өнер аталымы бойынша меркілік Жанайым Есеналы, көркемсөз оқудан Талас ауданынан келген Алдияр Жүзбай, эссе жазудан Т.Рысқұлов ауданының үмітін арқалаған Алина Толыбай, ұлттық аспапта өнер көрсетуден тараздық Ахмет Зейін, ал, ақындар мүшәйрасынан Інжу мен Іңкәр Жаңабайлар үлкен додада өнер көрсетуге лайықты екенін дәлелдеді. Жалпы, бұл шығармашылық байқаудың өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мен бағыт- бағдары көп. Жастардың өнерін шыңдап, олардың ізденуіне түрткі болары анық.  

Жанар ИСАБАЕВА,

«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының қызметкері.