Басты жаңалық

Еліміздің Конституциялық Кеңесіне логотип беріледі

Еліміздің Конституциялық Кеңесіне логотип беріледі

Еліміздің Конституциялық Кеңесінің енді өз логотипі болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

«Қазіргі кезде ҚР Конституциялық Кеңесінің логотип-эмблемасы әзірленіп жатыр. Жоба негізінен дайын, енді тиісті құжаттарды әзірлеп, құзырлы органдарға тапсыру қалды. «Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» атты мерейтойлық медалінің жобасы да әзірленді», – деп мәлімдеді ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов 2015 жылы ҚР Конституциясының 20 жылдығын мерекелеуге жоспарланған шаралар туралы айта келіп. Оның айтуынша, аталған медаль ҚР Президентінің Жарлығы бойынша берілетін болады. Сонымен қатар «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» төсбелгісі де берілмек