Жамбылда не жаңалық?

Тараз

Тараз

Ұлы Отан соғысының ардагері А. Ф. Сачугов 90 жасқа толды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләш Әбдікешова бастаған топ ардагердің отбасына барып, мерейлі мерекесімен құттықтады. Қалалық «Тараз су» мекемесінің директоры М. Смайылов осы мекемедегі «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының төрайымы Қ. Сәбденова ардагерге сый-сияпат жасап, гүл шоқтарын табыс етті.