Спорт және туризм

Ханчжоу-2022 Азия Пара ойындарының қалашығында Қазақстан туы көтерілді

Ханчжоу-2022 Азия Пара ойындарының қалашығында Қазақстан туы көтерілді

Бүгін, 21 қазанда Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Қазақстан Туын көтеру рәсіміне қатысқан пара пауэрлифтигтен Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Давид Дегтярев салтанатты іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.

IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады.