Шу
Шу
Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы құрметіне Шу қалалық таэквондо федерациясы және №30 Шу аудандық БЖСМ-нің ұйымдастыруымен Қайрат Рысқұлбеков атындағы дәстүрлі республикалық турнир өтті. 15-ші мәрте ұйымдастырылған бұл спорт додасына еліміздің әр өңірінен 23 команда, яғни 400-ге тарта спортшы қатысты. 7-17 жас аралығындағы таэквондошылар тәжірибелерін ортаға салып, шеберліктерін көрсетті. Нәтижесінде, командалық есеппен Алматы қаласы топ жарып, 50 мың теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.