Денсаулық

Жамбыл облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36,6 пайызға өсті

Жамбыл облысындағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 36,6 пайызға өсті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысына қатысты. Облыста 100 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері бар десек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға артық. Оларда 160 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 10 мыңнан астам жобаны іске асыруға 260 млрд.теңге бөлінген.

Ербол Қарашөкеев өз сөзінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ерекше назар аудартты. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің жартысын әйелдерге тиесілі. Әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдардың саны 50 мыңнан асады десек, ол жалпы санның 30 пайызын құрайды.

Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің өкілдері бірқатар маңызды мәселелерді көтеріп, оларды шешуге қатысты нақты ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, жолаушылар тасымалын субсидиялау, балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, бей-берекет сауданы жою мәселелері талқыланды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі