Жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, сегізінші сессиясы 2023 жылдың 18 қазан күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) сағат 12.00-де келесі күн тәртібімен өтеді:
  1. Жамбыл облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы «Тараз қаласындағы қауіпсіздікті және жол қозғалысы трафигін талдаудың зияткерлік жүйесін енгізу» жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» №12-12 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №23-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Депутаттарды тіркеу 2023 жылдың 18 қазан күні сағат 11.30-да басталады.

* * *

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы облыс әкімдігінің мәжіліс залында (2-қабат) 2023 жылдың 18 қазанында сағат 10.30-да өтеді. Ескерту: Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, сегізінші сессиясын тікелей эфирде «Жамбыл облыстық мәслихаты» YOUTUBE платформасы арқылы көре аласыздар.  

Облыстық мәслихат төрағасы А.Нұралиев