Медицина мәселелері талқыланды
Медицина мәселелері талқыланды
Онда «Облыстың денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру» тақырыбында облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басқармасы басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров баяндама жасады. 2026 жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасымен және медициналық ұйымның әрбір қызметкері өзінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында білуі керек және басшылыққа алуы тиіс кейбір заңнамалық өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәжірибесі туралы айтты. Медициналық ұйымдардың басшылары ұжымда сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізуге міндетті екенін, өзге жағдайда оларды жауапкершілік күтіп тұрғанын еске салды. Содан кейін облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Қайрат Байгебаев медициналық мекемелердің кешенді қызметі туралы ақпаратпен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде қабылданып жатқан шаралардың профилактикалық сипаты басты орында екенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірдің медициналық ұйымдарының басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Осылайша, комплаенс-қызметтер ұйымның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқаруды, ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды, мүдделер қақтығысын реттеуді, корпоративтік этикалық құндылықтарды ілгерілетуді қамтамасыз етуге арналғанын да атап өтті. Баяндамада квазимемлекеттік секторлардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдерді анықтау және ішкі талдау, олардың алдын алу тетіктері егжей-тегжейлі баяндалды. Жиын барысында терроризмге қарсы орталықтың офицері Айғаным Ахан халықты терроризмге қарсы алғашқы даярлау туралы баяндады. Спикер өз сөзінде «Террористік қауіптердің заманауи сценарийлері мен оларды азайтуға қабілетті технологиялар» туралы айтты. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша алғашқы медициналық- санитарлық көмек ұйымдарымен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек ұйымы бөлімінің басшысы Лаура Отарбай айтып берді. Кездесу соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін жұмыс бағыттарын белгіледі.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ