Басты жаңалық

Қазақстан командасы робототехникадан Әлем чемпионы атанды

Қазақстан командасы робототехникадан Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ студенттері Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты. Ұлттық құрама робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңдері шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жасақталды.