Әлеумет

Жұмыс берушілердің жауапкершілігі жеңіл емес

Жұмыс берушілердің жауапкершілігі жеңіл емес

Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында ел дамуында қозғаушы күшке айналған экономикаға ерекше екпін беріп, өндірістік жарақат алудың жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. «Өндірістік жарақат алудың жиілеуі өте өткір мәселе болып отыр. Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын жыл соңына дейін қабылдауға тиіс. Бұл құжат жұмыс орнындағы кәсіби сын-қатерлердің алдын алуға және жоюға бағытталуы керек», деді.

– Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 2023 жылдың 9 айында облыс ұйымдары мен кәсіпорындарында жоспардан тыс 94 тексерулер мен 11 профилактикалық бақылау жүргізіліп, 165 бұзушылықтар анықталды. Оның 131-і еңбек қатынастарына, 32 еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға және 2 халықты жұмыспен қамтуға қатысты. 2,88 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынып, олар толық өндірілді. Нәтижесінде 163 еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылса, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша 129, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға байланысты 32 және 2 халықты жұмыспен қамтуға қатысты барлығы 370 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, еңбек инспекторларымен басқармаға келіп түскен 665 жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары қаралып, 512-сі қанағаттандырылса, 135-і тиістілігіне қарай басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Жалақы қарызы және орташа жалақы мөлшерін көтеру жұмыстары туралы айтсам, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері ұсынған ақпаратқа сәйкес, жыл басынан облыстағы 24 ірі, 53 орта және 1191 шағын, барлығы 1268 кәсіпорында еңбек ететін 22073 жұмыскердің жалақысын орта есеппен 19,1 пайызға көтерді. Біз алдағы уақытта да Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырманы орындау үшін тынымсыз еңбек ете береміз, – дейді облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов. Дегенмен, қолдағы мәліметке қарағанда, бүгінгі күнге облысымызда келесі кәсіпорындарда жалақы қарыздары орын алуда: «Меркі асыл тұқымды зауыты» АҚ-ның 109 жұмыскер алдында 15,758 миллион теңге жалақы қарызы қалып отыр. Бұл бағытта бүгінгі күнге жұмыстар жүргізіліп, биылғы 21 тамызында 16 адам 7,4 миллион теңге жалақыны өндіру бойынша Меркі аудандық сотына арыз түсіріп, 28 тамызда бірінші сот отырысы өткізіліпті. Сондай-ақ, 22 адамның арызы сотқа дайындалып жатса керек. «Таза-Талас» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 2021-2023 жылдарға 34 жұмыскер алдында 10 миллион теңге жалақы қарызын құрап отыр. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-ның 180 жұмыскерге 40,4 миллион теңге жалақы қарызы бар. Ал, «SV AGRO» ЖШС 25 жұмыскерге 4,5 миллион теңге жалақыға қарыз. Бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша бейресми жұмыспен қамтылған 1159 жұмыс берушідегі 3622 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылған. Басқармамен 2022 жылы бейресми жұмыспен қамтылған тұлғаларды көлеңкелі экономикадан шығаруға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, нәтижесінде 1647 жұмыс берушідегі 7004 жұмыскердің еңбек қатынастары, барлығы 2806 жұмыс берушідегі 10626 жұмыскердің еңбек қатынастары заңдастырылған. Еңбек Кодексінде көрсетілген еңбек ұжымдарында ұжымдық шартты әзірлеу және қабылдау жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы тең құқықтар мен тараптардың мүдделерін құрметтеу, ұжымдық келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді демократиялық және еркін талқылау, тараптардың міндеттерін ерікті түрде қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады. 2023 жылдың 1 қазанына Ұлттық статистика бюросының статистикалық есебіне сәйкес, облыс бойынша тіркелген заңды түлғалардың саны – 12165. Биылғы жылдың 1 қазанына айлық есеп бойынша облыста 11114 ұжымдық шарттар басқармадан мониторингтен өткізілген немесе 91,3 пайызды құраған. Өңірлік кәсіпорындармен өндірістік процестерді тұрақтандыру, еңбек заңнамаларын сақтау, жұмысшыларды қысқартпау мәселелері бойынша облыс, аудан, қала әкімдігі, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасында меморандумның жасалуы бойынша жұмыстар толық орындалып отыр. Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, облыста жұмыс істеп тұрған 12136 кәсіпорны 100 пайыз жоғарыда аталған үшжақты меморандуммен қамтылған. Президент Жолдауда атап көрсеткен өндірістік жарақаттың жиілеуіне келер болсақ, биылғы 9 айда қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты 39 жазатайым оқиға орын алып, оның салдарынан 51 адам зардап шеккен. 27 адам ауыр, 18 адам жеңіл жарақат алып, 6 адам қайтыс болған. Оның ішінде 9 топтық жазатайым оқиғадан 21 адам зардап шеккен. Былтырғы жылмен салыстырғанда қайтыс болғандар саны 5 бірлікке немесе 58,8 пайызға төмендегенімен, жазатайым оқиғалар 50, ал зардап шеккендер саны 54,5 пайызға өскен. Былтыр 26 оқиғада 30 адам зардап шексе, оның ішінде 11 адам қайтыс болған. Жүргізілген талдауға сәйкес, жазатайым оқиғалардың 18-і жұмыс берушінің кінәсінен, 18-і жұмыскердің кінәсінен және 3-еуі екі жақтың кінәсінен тең орын алыпты. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы салдарынан 9, жұмыс берушінің жұмысты қанағаттанарлықсыз ұйымдастыруынан 12, жұмыскердің өрескел абайсыздығынан 16, қауіпсіз еңбек әдістерін оқытудағы кемшіліктерден 1 және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу салдарынан да 1 оқиға орын алған. Биыл «Қазфосфат» ЖШС-де, «Golden Compas Company» ЖШС-де және «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» мекемесінде жазатайым оқиғалардың саны өскен. Атап айтқанда, «Қазфосфат» ЖШС-де 2022 жылдың тиісті кезеңінде 5 жазатайым оқиға орын алып, 10 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болса, биылғы жылы 13 жазатайым оқиға салдарынан 19 адам зардап шекті және оның ішінде 2 адам қаза тапқан. Оның ішінде «Жаңа Жамбыл фосфор» зауытына қатысты 8 жазатайым оқиға орын алып, 10 адам зардап шеккен. Сонымен қатар, «Golden Compas Company» ЖШС-де 3 жазатайым оқиға салдарынан 4 адам зардап шегіп, 1 адам қайтыс болса, ал былтыр жазатайым оқиға орын алмаған. Сондай-ақ, «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында 8 айдың ішінде 5 жазатайым оқиға орын алып, 7 адам зардап шексе, ал 2022 жылдың тиісті кезеңінде 1 жазатайым оқиғада 1 адам зардап шеккен. Барлық жазатайым оқиғалар бойынша арнайы тергеп-тексерулер жүргізіліп, материалдары ішкі істер органдарына жолданған. Жолдауда Президент: «Менің тапсырмаммен Үкімет зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген адамдарды әлеуметтік қолдау тетіктерін әзірледі. Бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын, енді шешімі табылды. Оның мынадай өлшемдері бар. Жұмысшылардың осы саланы дамытуға сіңірген еңбегі және денсаулығына зиян келгені ескеріле отырып, оларға зейнет жасына толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнаулы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Азаматтар осы мәселе шешімін табады деп күтіп отыр», деді. Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы жұмысты бұрынғыдан да ширата түскен. Мәселен, әр жазатайым оқиға бойынша жұмыс берушілерге орын алған жазатайым оқиғаның себептерін жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар беріліп, оның орындалуы қатаң бақылауға алынған. Жыл ішінде бірнеше рет өндірістік жарақат қайталанған кәсіпорындарды үшжақты комиссия отырысында қарастырып, «Қазфосфат» ЖШС, «Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» ШЖҚ МКК, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС басшыларының есептері тыңдалып, тиісті жұмыстарды жүргізу туралы тапсырмалар берілген. Одан бөлек, Мойынқұм ауданында биылғы 17 тамызда көшпелі үшжақты комиссия отырысы өткізіліп, ірі кәсіпорындар басшыларына еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Еңбек ұжымдарында басқармамен өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу мен азайтуға бағытталған барлығы 156 іс-шара ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 196 ақпараттық мақалалар, түсіндірмелер жарияланған. Жалпы, өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту мақсатында кәсіпорындарда «Халықтық бақылау» жобасы мен «Нөлдік жарақаттану – Vision Zero» тұжырымдамасын енгізу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге облысымызда «Vision Zero» нөлдік жарақат концепциясын 16 және «Халықтық бақылау» жобасын 13 кәсіпорын енгізіпті. Бұл бағытта жұмысты жандандыру мақсатында қала мен аудандық үшжақты комиссия төрағаларына аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу туралы хаттамалық тапсырма беріліп, бақылауға алынған. Жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруда бұл бағытта былтырдан бастап облыс бойынша белсенді 4845 кәсіпорынға тиісті хабарлама жолданған. Нәтижесінде тек қана 1623 сақтандыру шарттары жасалып, 33,5 пайызды құраған. Биыл жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру бойынша 3998 кәсіпорынға хабарлама қайтадан жолданып, нәтижесінде 1583 мекемеде сақтандыру шарттары жасалыпты. Бүгінгі таңда Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне бұл бағытта тізім жолданған. Сол тізім бойынша жұмыскер еңбек міндеттерін атқарған кезде Еңбек Кодексіне сәйкес міндетті сақтандыру қажет екенін ескертіп хабарлама берілген. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының азаюына және өңірлерде әлеуметтік шиеленістің туындауына жол бермеу бойынша өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, облыс бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын биылғы мамыр айына қарағанда маусым айындағы 50 пайызға және одан да көп төмендеуіне жол берген 63 кәсіпорын анықталған. Бұған байланысты Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде екен. 10 кәсіпорын уақытша қаржылай қиындыққа байланысты, 11 кәсіпорын уақтылы қаржы бөлінбегендіктен кешіктіріп төлеген. 23 кәсіпорын жұмыскерлер еңбек демалысында немесе жалақысы сақталмайтын демалыста болуына байланысты төленбеген (мұғалімдер 56 күн еңбек демалысы, ветеринария қызметі жұмыс аз болуына байланысты қызметкерлердің бір бөлігін жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына жіберген). Үш кәсіпорында маусымдық жұмыс болуына байланысты төлем аударған жұмысшылар саны азайған. 1 кәсіпорын уақытша қаржылай қиындыққа сәйкес, 2 кәсіпорында уақтылы қаржы бөлінбегендіктен төленбеген. 13 кәсіпорында қайта құрылуынан орын алған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және жергілікті атқарушы органдардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санының азаюына және өңірлерде әлеуметтік шиеленістің туындауына жол бермеу бойынша өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес, облыс бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар санын 2023 жылғы наурыз және маусым айларының аралығында төмендеуіне жол берген 3 мекеме бар. Атап айтқанда, Тараз қаласы «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС кәсіпорын басшысының ауысуына байланысты «Тараз-Ғимарат» ЖШС-нен «Ғимарат-Темірбетон» ЖШС болып кәсіпорын атауы өзгеріп, төлемдер кешігіп аударылған. Тараз қаласы «Компания Сырым Блеке» ЖШС-де биыл қызметкерлердің жалақысы өсуіне байланысты әлеуметтік аударымдар да өскен. Осыған орай, қаржылық қиындыққа байланысты төлемдер кешіктіріліп төленіп келген. Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорны былтырғы қазан айынан биылғы сәуір айына дейін жылыту маусымына от жағушы операторларды маусымдық жұмысқа қабылдаған. Сәуір айында 278 жұмыскердің еңбек шартының мерзімі аяқталған. Осыған орай, әлеуметтік төлем аударушылардың саны төмендепті. Бүгінгі күні сәуір, мамыр айларына 72 азамат алдында берешек қалыптасқан. Меркі ауданының білім беру мекемелерінің қазандықтарына Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорнының маусымдық от жағушы операторларымен көрсетілген қызметіне ақы төлеу тамыз айында жүргізу жоспарланған. Еңбек саласын цифрландыру, E-HR жүйесіне еңбек шарттарын енгізу жұмыстары: «Жамбыл облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарындағы «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасындағы «Электрондық нысанда тіркелген еңбек шарттарының үлесі» бойынша 2023 жылға 95 пайыз жоспар қойылған. Бүгінгі күнге бұл жоспар 87 пайызға орындалып, 185057 еңбек шартының 161800-ы ақпараттық жүйеге енгізілген. Бірегей кәсіпорындар бойынша 111705 еңбек шарттарының 8423 ақпараттық жүйеге қосылғаны 72 пайызға орындалыпты. Облыстың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп жатқан көрінеді. Жыл басынан бері әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияларында кәсіпорын басшыларының есептері тыңдалып, еңбек жағдайларымен танысу, жұмыс орындарын қысқартпау, жалақыны арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөліп, бақылауда ұстау мәселелері қаралған. Биылғы жыл басынан бері барлық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиялардың 88 отырысы өткізілсе, оның 6-ы облыстық, 82-сі аудандық және қалалық. Сондай-ақ, қандай да бір наразылықтар орын алып, еңбек ұжымдарында даулар туындай қалған жағдайда жедел әрекет етіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізетін беделді азаматтар мен зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы спикерлер пулы қалыптастырылып, тізімдері бекітілген. Мемлекеттік еңбек инспекторларымен қабылданған шаралардың нәтижесінде есепті кезеңде 420,2 миллион теңгенің жалақы қарыздары анықталып, олар бүгінгі күнге толығымен жойылып, 530 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Ақпараттық-түсіндіру және еңбек тәуекелдерінің алдын алу бағыты бойынша есепті кезеңге облыстық 156 еңбек ұжымдарында 1871 жұмыскердің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларымен жыл басынан жеке қабылдау жұмыстары барысында облыста 51 тұрғынға еңбек заңнамаларымен қатысты консультативтік кеңестер берілген. Одан бөлек, ашық есік күндері, семинар-кеңестер, еңбек ұжымдарымен кездесу және тағы басқа барлығы 156 іс-шара ұйымдастырылып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы 196 ақпараттық мақалалар жарық көрген. Жылдың басынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ахуалдық орталығында облыстың тәуекелді кәсіпорындары ретінде 6 кәсіпорын мониторингте тұрған болатын. «Жамбыл электр желілері» ЖШС облыс көлеміндегі бөлімшелерінің қызметкерлері айлық жалақыларын көтеру мәселесі бойынша наразылық білдіріп, бүгінгі күнге атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шешімін тапқан. «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС жалақы қарыздары орын алып, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде шешімін тауыпты. «Айя Сервис» ЖШС-де орын алған жалақы қарызы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде толық төленген. «Қамқор Локомотив» ЖШС «Тараз локомотив жөндеу депосы» филиалы 2022 жылдың 13 желтоқсанында әлеуметтік желіде депоның қызметкерлерінің қатысуымен бейнетаспа жариялаған болатын. Жиналған жұмысшылар сыйақы төлеу және жалақыны 100 пайызға көтеру талаптарын алға тартқан. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылдың 1 сәуірінен 5 пайызға, 1 шілдеден тағы 5 пайызға, жалпы биыл 10 пайызға көтерілген. «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» ТКӨК филиалының автомобильді көлік цехы айлық жалақының 30000 теңгесін 1 шілдеден емес 1 маусымынан көтеру, «Қаратау» ТӨК бас директоры М.Макишевті жұмыстан босату туралы талаптар қойылды. Бүгінгі күнге қойылған талаптар толығымен орындалған. «Меркі асыл тұқым зауыты» АҚ-да жалақы қарызы орын алып, бүгінгі күнге толық төлету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әзірге «Меркі асыл тұқым» АҚ-ғана қалып отыр. Облыс аумағында орналасқан еңбек ұжымдарындағы ахуалын бақылау мәселесі тұрақты негізде жүргізіліп отырғанына да көз жеткіздік. Бұл орайда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және облыс әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №47-ө өкімімен еңбек жанжалдарының алдын алу мен болдырмауға бағытталған алгоритмі әзірленіп, Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктердің назарына жеткізілген. Әкімдіктерден әлеуметтік-еңбек жағдайларын реттеу жөніндегі дағдарысқа қарсы штабтар құрылып, олармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда, ары қарай жалғасатын көрінеді. 1999 жылдан бері банкрот болған бұрынғы «Қаратау» ашық акционерлік қоғамының кәсіби аурулары мен мүгедектері денсаулықтарына келтірілген зиян үшін өтемақыларын ала алмауда. Мәселеге қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен арнайы Үкіметтік жұмысшы тобы құрылып, азаматтардың көтерген сұрағы бірнеше рет онымен бірге аталған азаматтардың талаптары барлық сот сатыларында қаралған. Конкурстық басқарушымен биылғы 22 тамызда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында орналастыру үшін кредиторлар талаптарының тізілімі ұсынылған (жалпы сома – 524,0 миллион теңге). Конкурстық басқарушымен биылғы 5 қыркүйекте бірінші кезектегі кредиторлар талаптарының тізіліміне жалпы сомасы 524,0 миллион теңге облыстық кірістер департаментінің сайтында орналастырылған. Басқарма тарапынан биылғы 8 қыркүйекте прокуратура органдарымен бірлесіп аудандарда тұратын регресшілермен жеке-жеке түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде Талас ауданы, Қаратау қаласындағы 9 азаматтың жетеуімен кездесу жүргізіліп, олардың біреуі берілетін сомамен келісті. Қалған 6 адам келіспейтіндіктерін жеткізсе, 2 адам көрсетілген мекенжайларында тұрмайды. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы 10 адамның бесеуімен кездесу жүргізілген, оның екеуі берілетін сомамен келісті, 3 адам келіспейтіндіктерін жеткізіпті. Ал, 4 адам көрсетілген мекенжайларында тұрмайды, ал бір адам Астана қаласында. 30 регресшінің Астана қаласында – 3, Шымкент қаласында – 3, Алматы қаласында – 1, Тараз қаласында – 4, Байзақ ауданында – 2-еуі тұратыны анықталған. Қорыта айтқанда, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының ұжымы Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда осындай ауқымды жұмыстар атқаруда. Жұмыс берушілер адам өмірі мен денсаулығынан артық ешнәрсе жоқ екенін әркез естерінен шығармағаны абзал.  

Амангелді ӘБІЛ