Медицина майталмандары бас қосты
Медицина майталмандары бас қосты
Атап айтқанда, біріншіден, өңірлік деңгейде мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша жаңа инновациялық технологиялар көрсету спектрін ұлғайту. Екіншіден, асқынуларды азайту үшін хирургиялық араласудың минималды инвазивті әдістерінің үлес салмағын арттыру. Үшіншіден, стационарлық қызмет мамандарын жетекші клиникаларда, оның ішінде шетелде оқыту. «Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті дамыту перспективалары» жайлы көпбейінді аурухананың бас дәрігері Марат Жұманқұлов ақпарат беріп өтті. Конференцияда ота жасау сәтінен тікелей көрсетілім жасалып, жас мамандарға тәжірибе жинақтауға айтарлықтай мүмкіндік болды. Бұл күні конференция қонақтары «Қазақ хандығына – 550 жыл» ескерткіші, Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелерін аралап, экскурсиялық саяхат жасады.
Ғайникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ