Шыңғыс КЕНЖАЛИЕВ,аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы «Жас қалам» үйірмесінің жетекшісі.Дипломды сатып алған маман
Мың доллар айлық ап шалқып жүр.
Дипломды оқып алған маман
Жұмыс таппай қаңғып жүр.
* * *
Құбыр орнатты ауылға,
Басшылар бастап жаппай бір.
Бірнеше жыл болса да,
Ауыз су әлі ақпай тұр.
* * *
Баласы үйіне ішіп келіп,
Көңіл-күйі түсіп келіп,
Ағасын шапалақпен салып қалды,
Оны көріп анасы талып қалды.
О, бастағы босаң тәрбие,
Осындайға алып барды.
* * *
Жүргендер көп әнші боп,
Аузы бар да даусы жоқ.
* * *
– Сенің көкең қайда жүр?
Деп сұрадым айқайлап.
– Менің көкем әне, отыр,
Арақ ішіп, карта ойнап.
* * *
Әпшүкір кітап шығарды,
Қаражат тауып бір күнде.
Көрсетіп жүр онысын,
Олай-бұлай жүргенде.
Көпіріп кеп мақтады,
Шығып алып мінбеге.
Парақтап ішін қарасаң,
Қиқы-сиқы бірдеңе.