Жаңалықтар

«Қасқыр иттің сыңары емес пе?»

«Қасқыр иттің сыңары емес пе?»

Қызыләуіт ауылында Қыздаркүл деген кісі өткен. Оны жұрт Тайшық апа дейтін көрінеді. Өйткені, бір аста түйе палуанға ешкім шақ келмей, күреске он алтыдан енді ғана асқан Қыздаркүл шығып, әлгіні жерге атып ұрып жеңгенде, оның қайратына риза болған Сапақ датқа: – Түйе палуанды тай құрлы көрмедің. Сенің атың бұдан былай Тайшық болсын, – деп ақ батасын беріпті. Сол Тайшық апамыз Мойынқұмда қыстап отырғанда, қораға қасқыр түскенде бақанмен ұрып құлатып, әлгінің жағын айырып жатып: – Қасқыр – иттің сыңары емес пе? – деген екен.