Жаңалықтар

«Бесақаңды алмаймын»

«Бесақаңды алмаймын»

Үшаралда Дүйсенбай деген тілді адам өмір сүрді. Ол кісі ат сүрінгенше сөз табатын адам болатын. Бір күні бір топ адам кеңсенің алдында шүйіркелесіп тұрғанда, ферманың бір маманы қайырылып сәлемдессе, Дүйсекең оның созған қолын алмай: – Сенің қолың қалың қиға арналған бесақа айыр сияқты, сәлеміңді алмаймын, – деп әлгінің жағымпаз, өсекші екенін осылайша астарлап жеткізіпті.

Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».

Талас ауданы.