Жаңалықтар

Екі аңшының әңгімесі

Екі аңшының әңгімесі

Екі аңшы түскі үзіліс кезінде демалыс күнгі әсерлерін өзара бөлісіп, әңгімелесіп отырады. Біріншісі: – Джипке мініп, аңға шығып едім, бір уақытта қарасам, тоғай арасынан көп қоян атқып шыққаны. Дереу машинаның жарығымен көздерін қарықтырып тастадым да, алдыңғы жақпен қағып өтіп, он бес қоянды бір-ақ олжаладым, – дейді. Екіншісі: – Мен бақшаның ішінде жер қазып жүрсем, күрегім әлде бір темірге тірелгені, әрі қарай қазып едім не дейсің ғой, соғыс кезінде қалған неміс танкісі болып шықты. Оның ең қызығы – фарысы сол күйі жарқырап жанып тұр! – деп соқты. Бірін-бірі таңқалдыра алмаған аңшылар: – Жарайды, фашист танкісі біздің даламызға қалай келгенін сұрамай-ақ қояйын, бірақ мен он қоянды шегерейін, ал сен ана фараңды өшірші, – депті.

Көди-сөдиден теріп дайындаған Серік Байшуақұлы.