Жаңалықтар

«Қысқа» сөйлеу

«Қысқа» сөйлеу

Соғыс жылдары ауылдарда дәрігерлер де, мұғалімдер де жетіспейді. Алыстағы ауылға оқу орнын жаңадан бітірген жастарды жіберіп отырады. Жамбыл қаласындағы медучилищенің емдеу ісі бөлімін бітірген Ұмсынай деген қала қызы Андреев, Қызылдихан және Шилі ұжымшарының жалғыз медпунктіне жолдамамен келді. Қалада тұрып, орыс мектебін бітірген Ұмсынайға алғашқы кезде ауылда тұру жеңіл болған жоқ. Бірақ жергілікті жерге үйреніп, тұрмыс та құрып алды. Үш ұжымшардың ортасындағы жетіжылдық мектепте Ұлы Қазан төңкерісі мерекесінде мектеп директоры, жаңадан келген жас мұғалімдер тілек айтып, кезек Ұмсынайға келген. Сонда ол «Алдымда сөйлеген ағайлардай көп оттамай, қысқа сөйлейін», – деп сөзін жалғастырған екен. Тыңдап отырған жұрт сөздің зілсіз екендігін сезіп ду күледі. Қала қызының қазақша сөйлеуге бетбұрысы осылай басталыпты.

Кәрібоз Түсіпбаев.

Сарысу ауданы.